Хромтау аудандық мәслихатының №42 шешімі

         Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                              №42                                              2023 жыл

 

 

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы №323 «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген  санаттарының тізбесін айқындау

қағидаларын бекіту туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 18 ақпандағы №323 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4780 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің қосымшасындағы 6- тармақтың 1)- тармақшасы 2023 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы          Э.Б. Болатов

Дата публикации
14 июля 2023