Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы № 40 14 шілде 2023 жыл
Хромтау аудандық мәслихатының
депутаты У.М. Жаналиннің
депутаттық сауалы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-1-бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Хромтау аудандық мәслихатының депутаты У.М. Жаналиннің Хромтау ауданық Мәдениет үйінің директорына жолданған депутаттық сауалы ескерілсін.
- Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 21-1 бабымен бекітілген мерзімде жауаптың ұсынылуы үшін, «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» ММ депутаттық сауалды үш күн мерзімде жолдасын.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Э.Б. Болатов