Хромтау аудандық мәслихатының №39 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                 № 39                       14 шілде 2023 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының

2022 жылғы 23 желтоқсандағы

№302 «2023-2025 жылдарға арналған

Хромтау ауданының бюджетін бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №302 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 15 005 234 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 9 659 348 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 95 402 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 3 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 5 247 484 мың теңге;

2) шығындар –  16 540 464,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 176 941 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 202 245 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 25 304 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 712 171,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –               1 712 171,9 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 77 813 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 25 304 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 659 662,9 мың теңге.».

4 тармақ келесі жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2023 жылға арналған аудандық бюджетте салық түсімдерінің жалпы сомасын келесі мөлшерде бөлу белгіленсін:

1) төлем көзінен кірістерге салынатын жеке табыс салығы бойынша                       50 пайыз;

2)  әлеуметтік салық бойынша  55 пайыз;

3) мұнай секторындағы ұйымдардың кірістерін қоспағанда, кәсіпорындардан корпоративтік табыс салығы 60 пайыз.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы               Э.Б. Болатов

 

Дата публикации
14 июля 2023