Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы № 38 14 шілде 2023 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс бесінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №302 «2023-2025 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Кенжетай Тлеубаев - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) Депутаттық сауал.
Баяндамашы: Улан Жаналин - Хромтау аудандық мәслихатының депутаты.
3) Хромтау ауданы Тасөткел ауылдық округінің ауыл елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобасын бекіту туралы.
Баяндамашы: Жомарт Сарманов - Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.
4) Хромтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы №323 «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Даурен Турлыбаев - Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.
5) Аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы №189 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Нурлан Шуйншалин - Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысының міндетін атқарушы.
Хромтау аудандық мәслихатының
төрағасы Э.Б. Болатов