Хромтау аудандық мәслихатының №34 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                 №34                             23 мамыр 2023 жыл

 

Аудан әкімдігінің 2022 жылға арналған

аудандық бюджеттің атқарылуы

жөніндегі есебін бекіту туралы

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 132 бабының 3 тармағына,  Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысына және «2022 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы К.А. Тлеубаевтың есебіне сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты  ШЕШТІ:

  1. Аудан әкімдігінің 2022 жылғы аудандық бюджеттің кірістері бойынша 7 950,0 млн.тг, алынған ресми трансферттер бойынша 5 572,9 млн.тг, шығындар бойынша 14 631,4 млн.тг, таза бюджеттік кредиттер беру бойынша 81,6 млн.тг, қаржы активтер операциялардың қалдығы бойынша 0 тг, бюджеттің дефицитін қаржыландыру 1 190,0 млн.тг, орындалуы туралы есебі бекітілсін.
  2. 2022 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы назарға алынсын.
  3. Аудан әкімдігіне:

1) бюджетке салықтық және басқа міндетті төлемдердің түсуін толық қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру;

2) мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды ұстауға қаралған қаржыларды толық және нысаналы шығындауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

  1. «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-не, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысында көрсетілген кемшіліктерді жою мақсатында іс-шаралар қабылдансын.

 

 

Аудандық мәслихаттың             

төрағасы                                                                                           Э.Б. Болатов

 

Хромтау аудандық мәслихатының №34 шешімі
Дата публикации
23 мая 2023