Хромтау аудандық мәслихатының №32 шешімі

Хромтау қаласы                                 №32                          23 мамыр 2023 жыл

 

 

Аудандық мәслихаттың кезекті

төртінші сессиясының

күн тәртібін бекіту туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың кезекті төртінші сессиясының күн тәртібіне енгізілсін:

1) Хромтау аудандық мәслихатының қызметі туралы есебін келеcі кезекті сессияға қалдыру туралы.

2) Аудан әкімдігінің 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебін бекіту туралы.

Баяндамашы: Кенжетай Тлеубаев - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.

3)      Қопа ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы.

Баяндамашы: Айгул Бусурманова - Қопа ауылдық округінің әкімі.

4) Хромтау аудандық әкімдігінің 2023-2024 жылдарға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы.

Хабарламашы:  Жомарт Сарманов - Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.

5) Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібі туралы.

         Хабарламашы: Эльмурат Болатов – Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы.

 

 

Хромтау аудандық                                                              

мәслихатының төрағасы                                                                    Э.Б. Болатов

 

Хромтау аудандық мәслихатының №32 шешімі
Дата публикации
23 мая 2023