Хромтау аудандық мәслихатының №17 шешімі

 

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                              №17                                              2023 жыл

Хромтау аудандық мәслихатының

2022 жылғы 30 желтоқсандағы №318

«2023-2025  жылдарға арналған Аққұдық

 ауылының бюджетін бекіту туралы»

 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық маслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Аққұдық ауылының бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №318 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2023-2025 жылдарға арналған Аққұдық ауылының бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 47 216 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 840 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0  теңге;

трансферттер түсімі – 46 376 мың теңге;

2) шығындар –  47 216 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0  теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0  теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы

 

Э.Б. Болатов

 

 

 

 

Дата публикации
14 апреля 2023