Хромтау аудандық мәслихатының №15 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                              №15                                              2023 жыл

Хромтау аудандық  мәслихатының

2022 жылғы 30 желтоқсандағы №316

«2023-2025  жылдарға арналған Абай

 ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы»

 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық маслихатының «2023-2025 жылдарға арналған Абай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №316 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2023-2025 жылдарға арналған Абай ауылдық округінің  бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2023 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 68 803 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 8 330 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0  теңге;

трансферттер түсімі – 60 473 мың теңге;

2) шығындар –  68 803 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0  теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0  теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0  теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 0 теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 0  теңге;

қарыздарды өтеу – 0  теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

                                                              

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының хатшысы

 

Э.Б. Болатов



Дата публикации
14 апреля 2023