Хромтау аудандық мәслихатының №10 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                              №10                                5 сәуір 2023 жыл

 

Хромтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 89 «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына,  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың  кейбір мәселелері туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №118660 болып тіркелген) бұйрығына   сәйкес, Хромтау аудандық мәcлихаты ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 тамыздағы № 89 «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 166257 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

         көрсетілген шешіммен бекітілген «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесі» осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Хромтау аудандық мәслихатының төрағасы

 

Э. Болатов

 

Аудандық мәслихаттың №10 шешімі
Дата публикации
06 апреля 2023