Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы № 7 5 сәуір 2023 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс екінші сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №302 «2023-2025 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Кенжетай Тлеубаев – Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
2) 2023 жылға арналған Хромтау ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
Баяндамашы: Кенжетай Тлеубаев – Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3) Аудандық мәслихаттың 2021 жылғы 27 тамыздағы №89 «Хромтау аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Анар Мухамеджанова – Хромтау аудандық мәслихаттың аппарат басшысы.
4) Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 13 наурыздағы № 298 «Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Манас Ершеге – Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.
5) Аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 30 мамырдағы №214 «Аудан әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: Айнат Казмагамбетов - Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
Хромтау аудандық мәслихатының
төрағасы Э.Б. Болатов