Хромтау аудандық мәслихаттың №336 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                 №336                              16 қаңтар 2023 жыл

        

 

Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы

10 қаңтардағы №286 «Аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау

туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

          Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына және 2022 жылғы 19 желтоқсандығы №94 Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №286 «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

         аумақтық сайлау комиссиясының құрамына келесі комиссия мүшесі енгізілсін:

шығып кеткен Шабикбаев Сағындык Нұрғалиұлының  орнына, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Хромтау өкілдігі ұсынылған Дүйсембай Ақназар Қасымұлы.

  1. Осы шешім аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жолдансын.
  2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға жатады.

 

 

Аудандық мәслихаттың                                             

төрағасы                                                                                      Д.Х. Мулдашев

 

 

 

Дата публикации
16 марта 2023