Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №335 16 қаңтар 2023 жыл
Округтік сайлау комиссияларының
мүшелерін сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
- Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар ұсынған №1, №2, №3, №4, №5, №6, №7, №8, №9, №10, №11, №12, №13 округтік сайлау комиссияларының құрамы осы шешімнің қосымшаға сәйкес 5 мүшеден сайлансын.
- Жаңадан сайланған аудандық округтік сайлау комиссиясының бірінші отырысын жеті күндік мерзімнен кешіктірмей өткізу ұсынылсын.
- Осы шешім аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жолдансын.
- Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға жатады.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Д.Х. Мулдашев