Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №334 16 қаңтар 2023 жыл
Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс жиырма тоғызыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Аудандық округтік сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы.
Хабарламашы: А.О. Мухамеджанова – Хромтау аудандық мәслихатының аппаратының басшысы.
2) Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №286 «Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Н.М. Хасанов – аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
3) Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 10 қаңтардағы №287 «Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: Н.М. Хасанов – аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.
4) Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №223 «Хромтау қаласының Бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашы: А.Ж. Аманшиев – аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.
Хромтау аудандық мәслихатының
төрағасы Д.Х. Мулдашев