Хромтау аудандық мәслихатының №484 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №484                                 30 маусым 2026 жылы

 

Хромтау аудандық мәслихатының

2025 жылғы 19 желтоқсандағы

№410 «2026-2028 жылдарға арналған

Хромтау ауданының бюджетін бекіту

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                                                      

ШЕШТІ:

  1. Хромтау аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Хромтау ауданының бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №410 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде, 2026 жылға мынадай көлемде бекітілсін:

1) кірістер – 21 294 465,0 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 16 799 107,7 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 105 530,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 23 000 мың теңге;

трансферттер түсімі – 4 366 827,3 мың теңге;

2) шығындар –  20 301 327,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 73 867 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 175 917 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 102 050 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 теңге, оның ішінде:

қаржы активтерiн сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) –  - 919 270,1 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –               919 270,1 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімі – 112 431 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 1 933 156,2 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 901 455,1 мың теңге.».

  1. Көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
  2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық мәслихаттың                                

төрағасы                                                                                                             Э.Болатов

Дата публикации
01 июля 2026