Хромтау аудандық мәслихатының №483 шешімі

Хромтау аудандық мәслихатының

ШЕШІМІ

 

Хромтау қаласы                                №483                                 30 маусым 2026 жылы

 

Аудан әкімдігінің 2025 жылға арналған

аудандық бюджеттің атқарылуы

жөніндегі есебін бекіту туралы

 

         Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 128 бабына,  Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысына және «2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы К.Тлеубаевтың есебіне сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аудан әкімдігінің 2025 жылғы аудандық бюджеттің кірістері бойынша 17 652,8 млн.тг, алынған ресми трансферттер бойынша 6 732,9 млн.тг, шығындар бойынша 27 729,7  млн.тг, таза бюджеттік кредиттер беру бойынша 131,9 млн.тг, қаржы активтер  операциялардың қалдығы бойынша 0,0 теңге, бюджеттің дефицитін қаржыландыру 3 475,9 млн.тг, орындалуы туралы есебі бекітілсін.
  2. 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы назарға алынсын.
  3. Аудан әкімдігіне:

1) бюджетке салықтық және басқа міндетті төлемдердің түсуін толық қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру;

2) мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды ұстауға қаралған қаржыларды толық және нысаналы шығындауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

  1. «Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ-не, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысында көрсетілген кемшіліктерді жою мақсатында іс-шаралар қабылдансын.

 

 

Аудандық мәслихаттың                                

төрағасы                                                                                                             Э.Болатов

 

 

Дата публикации
01 июля 2026