Хромтау аудандық мәслихатының
ШЕШІМІ
Хромтау қаласы №482 30 маусым 2026 жыл
Аудандық мәслихаттың кезекті
қырық тоғызыншы сессиясының
күн тәртібін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Аудан әкімдігінің 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебін бекіту туралы.
Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөліміның басшысы.
2) Аудандық мәслихаттың 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №410 «2026-2028 жылдарға арналған Хромтау аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Тлеубаев Кенжетай Алдабергенович - Хромтау аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы.
3) Аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
Баяндамашы: Рсалин Койшибай Ибраемович - аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы.
4) Хромтау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 мамырдағы №214
«Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Сарсенгалиев Ренат Сагингалиевич – Хромтау аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы.
5) Аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы №189 «Аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.
Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович – Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.
6) Аудандық маслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы №145 «Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімдігі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл мәселелері жөніндегі комиссия дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович - Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.
7) Аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 13 наурыздағы № 298 «Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович - Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.
8) Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 28 наурыздағы № 147 «Терроризмге қарсы комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Мунлыков Алмас Талгатович - Хромтау ауданы әкімі аппаратының басшысы.
9) «Хромтау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 7 тамыздағы № 348 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: Даңғаев Саламат Рүстемұлы - «Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы.
10) Аудандық мәслихаттың кезекті келесі сессиясының күн тәртібі туралы.
Баяндамашы: Болатов Эльмурат Болатович - Аудандық мәслихаттың төрағасы.
Хромтау аудандық
мәслихатының төрағасы Э.Б. Болатов