Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық кеңес

25.02.2022 ж.

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы
ауданы мәслихатының
2022 жылғы 24 ақпандағы № 15-2
шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесінің құрамы

Анафина Динара Ақанқызы аудан әкімінің орынбасары
Әбуова Махаббат Қуанышқызы «Жастардың нұрлы жолы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Авраменко Виталий Владимирович аудандық аурухананың бас дәрігері
Барақаев Нұрсадық Қыстаубайұлы Ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның Құрметті азаматы
Вербовский Николай Юрьевич Володар ауылдық кітапханасының кітапханашысы, блогер, «Ұлытау» ЭМБ басшысы
Жүнісов Нұрлан Тұрсынұлы «Ақ – Нан Север» ЖШС директоры
Ысқақова Балкүміс Қайырзатқызы еңбек ардагері, ауданның Құрметті азаматы
Луценко Анна Николаевна «Агромир» фермерлік шаруашылығының батығы, ауданның Іскер әйелдер ассоциациясының мүшесі
Муравлева Валентина Николаевна аудандық соқырлар қоғамының төрағасы
Сапанов Берік Айсаұлы «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Тасмағанбетов Самат Иманбайұлы «Мада Трейд» ЖШС директоры
Шаймерденов Ибрагим Ерденұлы «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақмола жол бөлімшесі» филиалының «Жаңаесіл» станциясының бастығы, ауданның Құрметті азаматы
Минашева Көгаршын Нұртайқызы ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары
РЕЗЕРВ:
Мұқышев Қайырлы Молдашұлы білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы
Мұстафина Раушан Ахмерқызы «Мұстафина Р.А.» ЖК, аудандық мәслихаттың «Ауыл» партиясынан депутаты

14.01.2022 ж.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына мүшелікке үміткерлер конкурсына байқаушының тізімі

Т.А.Ж. Жұмыс орны
Макова Ботагөз Шәмшідинқызы Орталық аудандық кітапхана

14.01.2022

Аудандық мәслихат хатшысының
2022 жылғы 14 қаңтардағы
№ 3-н өкіміне қосымша

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесті құру бойынша жұмыс тобының құрамы

1 Әділбеков Ерлан Естайұлы аудандық мәслихат хатшысы, жұмыс тобының төрағасы
2 Майәмірова Сәуле Қапарқызы мәслихат аппаратының басшысы, жұмыс тобының хатшысы
жұмыс тобының мүшелері
3 Малғаждарова Роза Бейсембайқызы орталық кітапхана жүйесінің директоры, «Трембита» этномәдени бірлестігінің мүшесі (келісім бойынша)
4 Слюсарь Галина Сергеевна жұмыс ардагер (келісім бойынша)
5 Әбүова Маххабат Қуанышқызы «Жастардың нұрлы жолы» Жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша).

31.01.2022 ж.

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялау туралы хабарламасы

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы № 383-V Заңына сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

Қоғамдық кеңестер – жергілікті мемлекеттік басқарудың органдарымен түзілетін, коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірігіп өз құзыреттері мәселелерін шешетін консультациялық кеңестер, бақылаушы органдар. Қоғамдық кеңестер қызметінің міндеті азаматтық қоғамның ойын білдіретін, қоғамдық маңызды мәселелерді шешу мақсаты болып табылады.

Қоғамдық кеңес мүшелері үміткерлеріне қойылатын талаптар.

Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ, Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның шегінде тұратын азамат Қоғамдық кеңес мүшесі бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған кезде:

1) осы баптың 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбаса;

3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынса, сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар конкурс туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында және мәслихат аппаратының сайтында орналастырылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекен-жай бойынша тапсырылуы тиіс: 150400, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Новоишим ауылы Абылай хан к., 28, № 11 кабинет жұмыс уақыты 9.00-13.00, 14.30 -18.30 сағ дейін.

Электрондық мекенжай: maslihatgm@mail.ru

Конкурс құжаттарын жинауға жауапты С.Қ. Майәмірова тел. 8 (715-35) 21-1-40

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы Е. Әділбеков

30.12.2021

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына мүшелікке үміткерлер конкурсына байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу өткізу туралы хабарлама

«Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 10-тармағына сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның мәслихаты Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына мүшелікке үміткерлер конкурсына байқаушылар тізімін қалыптастыру бойынша іріктеу жариялайды.

Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам конкурс жариялау туралы хабарлама шыққан күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде жергілікті деңгейдегі жергілікті өкілді органға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш береді не электрондық поштаға жібереді.

Өтініштер мына мекен-жай бойынша ұсынылуы тиіс: 150400, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28, № 11 кабинет. Электрондық мекен-жайы: maslihatgm@mail.ru конкурсқа материалдарды жинауға жауапты С.Қ. Майәмірова, тел. 8 (715-35) 21-1-40

Қосымша

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
мәслихатының хатшысы Е. Әділбеков

30.12.2021

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңес құру жөніндегі жұмыс тобының Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткерлерге конкурс жариялау туралы хабарламасы

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Қоғамдық кеңес құру жөніндегі жұмыс тобының Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткерлерге конкурс жариялайды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының Қоғамдық кеңес құру жөніндегі жұмыс тобының Тәртібінің 8-бабына сәйкес:

Жұмыс тобының құрамындағы мемлекеттік органның өкілдері жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санынан үштен бір бөлігінен аспауы тиіс. Осы өкілдіктің дербес құрамы мемлекеттік органның басшысымен өздігінше анықталады.

Жұмыс тобының құрамындағы азаматтық қоғамның өкілдері жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санынан үштен екі бөлігінен аспауы тиіс және коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың ұсынысы негізінде құрылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері және азаматтар жұмыс тобына жазбаша түрде кандидатуралар бойынша ұсыныс жасайды.

Өз ұсынысын бағыттаған әр коммерциялық емес ұйым және әр азамат, бір кандидаттан аспайтын ұсыныс жасай алады.

Конкурсты өткізу мерзімі конкурс туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күнін құрайды.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде мынадай құжаттарды қолма-қол береді немесе мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің немесе хабарландыруда көрсетілген жергілікті өкілді органның электрондық мекенжайына жібереді:

1) жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;

2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мына мекен-жай бойынша ұсынылуы тиіс: 150400, Солтүстік Қазақстан облысы, Ғабит Мүсірепов атындағы аудан, Новоишим ауылы, Абылай хан көшесі, 28. Электрондық мекен-жайы: maslihatgm@mail.ru конкурсқа материалдарды жинауға жауапты С.Қ. Майәмірова, тел. 8 (715-35) 21-1-40

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының хатшысы Е. Әділбеков

Мұрағат

Мұрағат

Дата публикации
11 мая 2022
Дата обновления
11 мая 2022
Тип

Сейчас читают

02 сентября 2024
Сегізінші шақырылымның ХVІ сессиясы Күн тәртібі
02 сентября 2024
Сегізінші шақырылымның ХV сессиясы Күн тәртібі
02 сентября 2024
Сегізінші шақырылымның ХVІІ сессиясы Күн тәртібі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы