Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысын жүргізу ХАТТАМАСЫ
Новоишим а. 2025 жылғы 15 мамыр
Аудан әкімідігінің үлкен залы 11-00 сағат
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысына 8 депутат қатысып отыр.
Шақырылғандар:
- аудандық мәслихаттың төрағасы С.Т. Баумағанбетов; - аудан әкімінің орынбасары Е.Е. Әділбеков; - ауданның мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының басшылары. - ауылдық округ әкімдері;
- Қоғамдық кеңес мүшелері.
Күн тәртібі:
2024 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есеп бойынша аудан әкімінің орынбасары Е.Е. Әділбеков сөз сөйледі.
«2024 жылға арналған ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есеппен» сөз сөйледі:
- Новоишим ауылдық округі әкімінің орынбасары Д.Қ. Бақытов
- Андреев ауылдық округінің әкімі И.В. Шушарин
- Бірлік ауылдық округінің әкімі А.Қ. Әржікеев
- Возвышен ауылдық округі әкімінің м.а. Н.К. Фабижевская
- Дружба ауылдық округінің әкімі А.К. Омаров
- Қырымбет ауылдық округінің әкімі Ж.Т. Ысқақова
- Көкалажар ауылдық округінің әкімі А.С. Қасленкин
- Ломоносов ауылдық округінің әкімі В.С. Барсуков
- Нежинка ауылдық округінің әкімі М.А. Дүйселеков
- Новоселов ауылдық округінің әкімі С.В. Спасибушкин
- Рузаев ауылдық округінің әкімі Н.Р. Алғожин
- Салқынкөл ауылдық округінің әкімі З.С. Құланова
- Тахтаброд ауылдық округінің әкімі А.А. Кұзғанбаев
- Червонный ауылдық округінің әкімі А.К. Абаев
- Чистопол ауылдық округі әкімінің м.а. М.А. Мұшаитова
- Шөптікөл ауылдық округінің әкімі Д.М. Жаманбаев
- Шұқыркөл ауылдық округінің әкімі Қ.Е. Жанзақов
Аудан әкімі орынбасарының және ауылдық округ әкімдерінің есептері барысында депутаттар бюджеттің шығыс бөлігі бойынша, өз кірістері бойынша қажетті сұрақтар қойды.
Қорытынды ақпаратпен аудандық мәслихат төрағасы С.Т. Баумағанбетов сөз сөйледі.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді, ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есеп бойынша жиынтық ақпарат назарға алынды және аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын болады.
Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы қаулы шығарды:
аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында «2024 жылға арналған ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы» экономика, қаржы және халықты әлеуметтік қорғау салалары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы тыңдалсын.
Экономика, қаржы және халықты әлеуметтік қорғау салалары мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Ш. Қабылдин
Әлеуметтік сала және депутаттық өкілеттіктер мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Б. Жантасова