GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Баспасөз орталығы
Мәслихат аппараты
Все материалы
16 октября 2026
Құқықтық білім беру мектебінде

Бүгін Құқықтық білім беру мектебінде Федоров аудандық мәслихаты аппаратының қызметкерлері«Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143 Қазақстан Республикасының Заңын зерделеді.

Мәслихат сессиясы
12 октября 2026
Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыс бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілді.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаев, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Федоров ауданындағы филиалының директоры Л.Н. Костенко қатысты.

Сессияда 2 мәселе қаралды: «Федоров ауданы бойынша 2027 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» және «Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Бірінші мәселе шеңберінде депутаттар Федоров ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін 2027 жылы есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне 4 пайыздан 3 пайызға төмендету шешімін қабылдады.

Мәслихат сессиясы
09 октября 2026
Аңдатпа

Құрметті Федоров ауданының тұрғындары!

 2026 жылғы 12 қазанда сағат 09:30-да Facebook әлеуметтік желісінде (https://www.facebook.com/profile.php?id=100082412589053) Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының онлайн-трансляциялауы өтеді.

Сессия отырысында мынадай мәселелер қаралады:

1. Федоров ауданы бойынша 2027 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.

2. Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.

Мәслихат сессиясы
07 октября 2026
Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы хабарландыру

Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 12 қазанда сағат 09:30-да бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі. 

Сессияның қарауына мынадай мәселелер енгізіледі:

1. Федоров ауданы бойынша 2027 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы.

2. Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.

Федоров ауданының қоғамдық кеңесі
06 октября 2026
Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

2026 жылғы 30 қыркүйекте Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста мынадай мәселелер қаралып, ұсынымдар әзірлегді:

1«Федоров ауданының Мансап орталығы» КММ арқылы жұмысшы мамандықтарға курстық оқытуды ұйымдастыру.

Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша 9 адам оқығаны, барлық 9 адам жұмысқа орналастырылғаны, олардың біреуі пробация қызметінің есебінде тұрғаны атап өтілді.

Электрондық еңбек биржасында 148 адам онлайн-оқытудан өтіп, сертификаттар алды.

Мансап орталығы жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтармен ғана емес, сонымен қатар халықпен және жұмыс берушілермен әңгімелесу үшін ауылдық округтерге баруды қосымша жүзеге асырады.

Жұмыссыздар, кәсіпкерлер, халық арасында жұмысты жалғастыру ұсынылды.

2. Жобаларды әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс шеңберінде іске асыру сапасы туралы.

Қарау барысында 2026 жылы Федоров ауданында 14 жоба іске асырылып жатқаны атап өтілді. Жобалардың жалпы құны 24 473,0 мың теңгені құрайды, конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 22 596,6 мың теңгеге шарттар жасалды.

Қоғамдық маңызы бар 7 жобаны ішкі саясат бөлімі іске асырады.

«Жайдарман» жобасы бойынша іс-шаралар толық көлемде өткізілмеге, өнім берушінің міндеттемелері тиісінше орындалмады, мерзімі 15 қазанға дейін ұзартылды.

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жобасы аяқталуға тақалды.

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің жобасы орындалып жатыр.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жобасы толық көлемде орындалмады, шартты бұзу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Биылғы жылы жекелеген өнім берушілер тарапынан анықталған кемшіліктерді ескере отырып шешім қабылданды:

Ішкі саясат бөлімі түсіндіру және оқыту жұмыстарын күшейтсін, осы мақсатта ҮЕҰ облыстық ресурстық орталығының басшысы Д.К. Утебаеваның қатысуымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін семинар-тренинг өткізу жоспарлануда.

3. Мемлекеттік қызметтегі ұзақ уақыттағы бос орындар және ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру туралы.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 117 бірлік, іс жүзінде – 104 бірлік, бос жұмыс орындары – 13.

2026 жылы 134 конкурс жарияланды, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке 9 адам қабылданды.

Мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесіндегі негізгі проблемалардың бірі прокторинг жүйесі болып табылады.

Айта кету керек, Федоров ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі жоғары оқу орындарының 100-ден астам түлектерін бос лауазымдарға тартуға шақырды.

Тоқсан сайын бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке 3 адам қабылданды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

4. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік объектілерді бейімдеу жөніндегі бағдарламаны орындау бойынша мониторинг қорытындылары.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қоғамдық ұйымдармен (Қоғамдық кеңес, «Әділет» партиясы және т.б.) бірлесіп, үнемі мониторинг жүргізіп отыратыны, бірақ бағдарлама ішінара орындалатыны атап өтілді. Мониторинг қорытындылары, талаптар, ұсыныстар басшыларға жеткізіледі.

Қоғамдық кеңестің мүшесі Б.А. Умертаевқа барлық ұйымдардың басшыларына, кәсіпкерлерге объектілерді бейімдеу бойынша хаттар дайындауды тапсыру жөнінде шешім қабылданды. 

Федоров ауданы 

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                          С. Баймурзина

Мәслихат сессиясы
05 октября 2026
Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыс бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілді.

Сессия жұмысына Федоров ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Т.М. Волоткевич қатысты.

Сессия барысында 2 мәселе қаралды: «Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №186 «Федоров аудандық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

Сессия отырысының қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді қолдап, тиісті шешімдер қабылдады.

Мәслихат сессиясы
02 октября 2026
Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясының отырысы өтті.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаев, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне Мәслихаттың  2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219  «Федоров ауданының 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе енгізілді.

Баяндама жасаған «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы С.Ф. Завощенко депутаттар мен сессияға қатысушыларды аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістермен таныстырды.

Отырыстың қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған өзгерістерді қолдап, тиісті шешім қабылдады.

Мәслихат сессиясы
02 октября 2026
Сессия аңдатпасы

Құрметті Федоров ауданының тұрғындары!

 2026 жылғы 5 қазанда сағат 09:30-да Facebook әлеуметтік желісінде (https://www.facebook.com/profile.php?id=100082412589053) Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының онлайн-трансляциялауы өтеді.

Сессия отырысында мынадай мәселелер қаралады:

1. Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.

Мәслихат сессиясы
01 октября 2026
Аңдатпа

Құрметті Федоров ауданының тұрғындары! 

2026 жылғы 2 қазанда сағат 10:00-де Facebook әлеуметтік желісінде (https://www.facebook.com/profile.php?id=100082412589053) Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының онлайн-трансляциялауы өтеді.

Сессия отырысында мынадай мәселе қаралады:

1. Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.

Мәслихат сессиясы
30 сентября 2026
Кезектен тыс сессияны шақыру туралы хабарландыру

Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы 2026 жылғы 5 қазанда сағат 09:30-да бейнеконференцбайланыс арқылы өткізіледі. 

Сессияның қарауына мынадай мәселелер енгізіледі:

1. Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Анықтама телефоны: 8-714-42-79009.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы