
Бүгін аудандық мәслихат депутаттарының жұмыс тобы «Федоров ауданында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарының жұмысы туралы» мәселесін зерделеу бойынша әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысына дайындық шеңберінде Федоров ауданының полиция бөліміне барды.
Депутаттар жедел басқару орталығының жұмысымен танысты. Федоровка ауылында 28 көше бақылау камерасы орнатылған, сондай-ақ ауданның білім беру ұйымдарында бейнебақылау және 18 дабыл түймесі бар. Бейнебақылау жүйесінің көмегімен құқық бұзушылықтарды анықтау және ашу арқылы қоғамдық тәртіпті қорғау жүзеге асырылады.
Депутаттарға алдын ала қамау бөлмесі, әкімшілік қамауға алынғандардың камералары және серуендеу ауласы, сондай-ақ азаматтарды қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету кабинеттері орналасқан фронт-офис көрсетілді.
Ағымдағы жылы учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік қызмет инспекторлары деректерді сақтау серверлеріне жазбаларды түсіру жүйесі бар бейнежетондармен қамтамасыз етілді.
Депутаттар әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторымен осы әрекеттер үшін жазаларды қатаңдату бөлігінде отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар саласындағы заңнамадағы өзгерістер туралы әңгімелесті.
Сондай - ақ, жұмыс тобы Федоровка ауылындағы №1 учаскелік полиция пунктіне барды. Онда 3 учаскелік полиция инспекторы жұмыс істейді, қызмет көрсетілетін аумаққа 7 елді мекен кіреді, халқы – 8960 адам. Учаскелік пункттің дәлізінде қажетті ақпараттық стендтер жабдықталған, әкімшілік учаскенің сызбасы бар.
Сапар қорытындысы бойынша депутаттар полиция қызметкерлері қолайлы жағдайда жұмыс істейтінін, бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өте маңызды екенін атап өтті.
Бұл мәселені аудандық мәслихат депутаттары әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында толығырақ зерделейтін болады.