Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары жария тыңдауының 2026 жылғы 13 сәуірдегі хаттамасы

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаров төрағалық етеді.  

А.М. Байназаров

                    Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!

Федоров аудандық мәслихатының атына «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып, Федоров ауданы әкімдігінің «Жаркөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік үлесінің 49%-ын жекешелендіру мәселесі бойынша «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының хаты келіп түсті.

Аталған хат 2026 жылғы 11 наурызда Федоров аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша жария тыңдаулар өткізу және осы мәселе бойынша материалдар дайындау үшін депутаттар мен мемлекеттік органдар мен кәсіпорын өкілдерінен жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Мәслихат регламентіне сәйкес жария тыңдаулар өткізу туралы ақпарат Федоровка ауылының жұртшылығына Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында және «Федоровские новости» газетінде 2026 жылғы 12 наурызда жариялау арқылы жеткізілді.

Жоғарыда айтылғанға байланысты бүгін біз «Федоров ауданы әкімдігінің «Жаркөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік үлесінің 49%-ын жекешелендіру туралы» Федоров аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының жария тыңдауын өткіземіз.

Жария тыңдау жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Федоров ауданы әкімдігінің «Жаркөл» ЖШС директоры, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, жергілікті тұрғындар қатысып отыр.

Сөз Федоров ауданы әкімдігінің «Жаркөл» ЖШС директоры Ринат Адильбекович Алтынбековке беріледі (сөзі тыңдау хаттамасына қоса беріледі).

/Р.А. Алтынбековтің сөзі/

 А.М. Байназаров

Ринат Адильбековичке сұрақтарыңыз бола ма?

 Б.Е. Исенгазин

Егер кәсіпорынды бәсекелестік ортаға беру туралы шешім қабылданса, полигонды жаңғырту бойынша қандай нақты жұмыстар жүргізуді жоспарлап отырсыз?

 Р.А. Алтынбеков

Жарықтандыруды, бейнебақылау жүйесін, қоршау орнатуды, сондай-ақ бақылау-өткізу пунктінің құрылысын қамтып, полигонды кешенді абаттандыру жоспарлануда.

З.А. Шашкова

Полигонды жеке меншікке берген кезде халық пен бюджеттік ұйымдар үшін тариф өзгере ме?

Тарифтердің күрт өсуіне жол бермеу үшін қандай тетіктер қарастырылған?

Р.А. Алтынбеков

Бүгінгі күні қызметтерге тариф мәслихат шешіміне сәйкес белгіленді және өзгермейді. Сонымен қатар бөлек жиналған қалдықтарды тегін қабылдау жүйесін енгізу жоспарлануда.

А.М. Байназаров

Жаңартудан немесе операторды ауыстырғаннан кейін полигонның қандай жұмыс тәртібі мен кестесі бойынша жұмыс істеуі жоспарлануда?

Р.А. Алтынбеков

Шлагбаум мен бейнебақылау жүйесін орнатқаннан кейін қашықтан қол жеткізу жүйелерін пайдалана отырып, демалыс күндерінсіз кеңейтілген жұмыс тәртібіне көшу жоспарлануда.

Б.Е. Исенгазин

Полигонға кірме жолдарды абаттандыру (жолдарды жөндеу, жарықтандыру, қозғалыс қауіпсіздігі) жоспарда бар ма?

Р.А. Алтынбеков

Жобаны іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезекте бақылау-өткізу пунктінің құрылысы және жол төсемін жайластыру жоспарланды. Кейіннен – жарықтандыру мен бейнебақылау жүйесін орнату. Алдағы уақытта полигонды абаттандыру жұмыстары жалғасады.

А.М. Байназаров

Тағы сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Сөз Федоров ауданы әкімінің орынбасары Карина Кайратовна Муратоваға беріледі (сөзі тыңдау хаттамасына қоса беріледі).

/К.К. Муратованың сөзі/

А.М. Байназаров

Карина Кайратовнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті жария тыңдауға қатысушылар сөз сөйлеу қорытындылары бойынша ұсыныстарыңыз немесе ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, жария тыңдау қорытындысы бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын.

Федоров ауданы әкімдігінің «Жаркөл» ЖШС мемлекеттік үлесінің 49%-ын жекешелендіру туралы ұсынысты қолдауға кім келіседі?

Жақтап – 8 дауыс.

Кім қарсы? – 0 дауыс.

Кім қалыс қалды? – 0.

Жария тыңдауды өткізу қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялар ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Жария тыңдау өткізілді деп есептелсін.
  2. «Федоров ауданы әкімдігінің «Жаркөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік үлесінің 49%-ын жекешелендіру туралы» ұсынысы қолдансын.

Құрметті қатысушылар, осымен жария тыңдау аяқталды.

Назарларыңызға рақмет.

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы __________________А. Байназаров

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы

 __________________Е. Запорожану



Дата публикации
13 апреля 2026