Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаров төрағалық етеді.
А.М. Байназаров
Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі, сондай-ақ әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілуде.
Федоров аудандық мәслихатының атына «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып, «Жаркөл» ЖШС-н бәсекелестік ортаға беру мәселесі бойынша «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының хаты келіп түсті.
Осыған байланысты күн тәртібінде мынадай мәселе:
Федоров ауданы әкімдігінің «Жаркөл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік үлесінің 49%-ын жекешелендіру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хатты қарау туралы.
Құрметті депутаттар, «Жаркөл» ЖШС бойынша ұсынылған ақпаратпен танысып, қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы шешім қабылдауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ, қоғамдық тыңдауларды дайындау және өткізу үшін жұмыс тобын құру қажет.
Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар, қоғамдық тыңдауды 2026 жылғы 13 сәуір күні сағат 15:00-де өткізу туралы ұсыныс бар.
Басқа ұсыныстар бар ма?
Егер жоқ болса, дауыс берулеріңізді сұраймын.
Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалғандар бар ма?
Бір ауыздан қабылданды.
А.М. Байназаров
Құрметті бірлескен комиссиялар отырысының қатысушылары, қаралып отырған мәселе бойынша бізге қаулы қабылдау қажет, келесі жобаны ұсынамын:
Тұрақты комиссиялар ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына, Федоров аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес:
Байназаров Алексей Мерекеевич – Федоров аудандық мәслихатының депутаты, бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, жұмыс тобының төрағасы;
Идрисова Жанна Бапановна – «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, жұмыс тобының хатшысы;
Жұмыс тобының мүшелері:
Алтынбеков Ринат Адильбекович – Федоров ауданы әкімдігінің «Жаркөл» ЖШС директоры;
Завощенко Светлана Франковна – «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
Запорожану Елена Александровна – Федоров аудандық мәслихатының депутаты, әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы;
Исенгазин Берик Ескендирович – аудандық мәслихат депутаты;
Капсултанов Джанибек Серикович – аудан әкімінің орынбасары,
«Федоров ауданы әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі» басшысының міндетін атқарушы;
Муратова Карина Кайратовна – аудан әкімінің орынбасары;
Резник Артем Сергеевич – аудандық мәслихат депутаты.
Осы қаулы бойынша ескертулер немесе ұсыныстар бар ма? Жоқ.
Егер жоқ болса, дауыс берулеріңізді сұраймын.
Кім қолдайды? Қарсы? Қалыс қалғандар бар ма?
Бір ауыздан қабылданды.
Құрметті отырысқа қатысушылар, осымен комиссиялар өз жұмысын аяқтайды.
Назарларыңызға рахмет.
|
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы __________________А. Байназаров |
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы ________________ Е. Запорожану |