2026 жылғы 31 наурыздағы №68 қаулы

Федоров ауданы объектілеріндегі көрнекі ақпаратта «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының сақталуы туралы

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айнур Толепбергеновна Салпенованың «Федоров ауданы объектілеріндегі көрнекі ақпаратта «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының сақталуы туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

- аудан аумағындағы нысандарда көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жұмысын жалғастырсын;

- Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Федоров ауданы бойынша филиалымен бірлесіп, коммерциялық нысандардағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, бағалар, мәзірлер, көрсеткіштер) дұрыс рәсімдеу мәселелері бойынша консультациялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

- аудандық газет пен әлеуметтік желілерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның іске асырылуы, атап айтқанда көрнекі ақпаратты сауатты рәсімдеу талаптарының сақталуы туралы ақпараттарды жариялап отырсын.

  1. Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін аудандық мәслихатқа ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                     Е. Запорожану

Дата публикации
09 апреля 2026