Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Елена Александровна Запорожану тұрақты комиссияның отырысын ашады және жүргізеді.
Е.А. Запорожану
Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілуде.
Комиссия жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасарлары, ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.
Күн тәртібінде екі мәселе:
Бірінші мәселе бойынша сөз «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айнур Толепбергеновна Салпеноваға беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/А.Т. Салпенованың сөзі/
Е.А. Запорожану
Айнур Толепбергеновнаға сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Е.А. Запорожану
26 наурыз күні аудандық мәслихат депутаттары Айнур Төлепбергеновнамен және Федоров ауданының тілдерді оқыту орталығының басшысы Еламан Құлмаханбетұлымен бірге Федоровка ауылындағы коммерциялық нысандардың көрнекі ақпараттарымен танысты.
Барлығы 14 сауда нысаны қаралды. Тексеру барысында олардың 7-сінде тіл туралы заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды. Депутаттар нысан қызметкерлері мен иелеріне көрнекі ақпаратты дұрыс рәсімдеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңға сәйкес жарнама, прейскуранттар, бағалар, мәзірлер, көрсеткіштер және басқа да көрнекі ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде де орналастырылады.
Барлық деректемелер мен көрнекі ақпарат мәтіндері келесі тәртіпте жазылуы тиіс: сол жағында немесе жоғарғы бөлігінде – мемлекеттік тілде, оң жағында немесе төменгі бөлігінде – орыс тілінде, әрі әріптердің көлемі бірдей болуы қажет.
Маңдайшалар мен жарнамалық материалдардың иелері Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жүгініп, көрнекі ақпаратты рәсімдеу бойынша тегін көмек ала алады.
Федоров ауданы нысандарында көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының сақталуы туралы ақпаратты тыңдай отырып, әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия жергілікті атқарушы органдар тарапынан сауда нысандарындағы көрнекі ақпаратты дұрыс рәсімдеу бойынша жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Құрметті комиссия отырысына қатысушылар талқыланған мәселе бойынша біз қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:
- аудан аумағындағы нысандарда көрнекі ақпаратты орналастыру кезінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарының сақталуына мониторинг жүргізу жұмысын жалғастырсын;
- Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Федоров ауданы бойынша филиалымен бірлесіп, коммерциялық нысандардағы көрнекі ақпаратты (хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, бағалар, мәзірлер, көрсеткіштер) дұрыс рәсімдеу мәселелері бойынша консультациялық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
- аудандық газет пен әлеуметтік желілерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның іске асырылуы, атап айтқанда көрнекі ақпаратты сауатты рәсімдеу талаптарының сақталуы туралы ақпараттарды жариялап отырсын.
Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданы объектілеріндегі көрнекі ақпаратта «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңының сақталуы туралы» тұрақты комиссияның қаулысы комиссияның хаттамасына қоса беріледі.
Е.А. Запорожану
Екінші мәселе бойынша «Федоров ауданының халқына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы» сөз «Федоров ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын ішкі бақылау, оларды мониторингтеу және ақпараттық технологиялар қызметінің басшысы Гульшат Бекболатовна Умертаеваға беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/Г.Б. Умертаеваның сөзі/
Е.А. Запорожану
Гульшат Бекболатовнаға сұрақтарыңыз бар ма?
Гульшат Бекболатовна, халықтан мемлекеттік қызметтердің сапасына немесе оларды көрсету мерзімдеріне қатысты шағымдар түсті ме?
Г.Б. Умертаева
Халықтан шағымдар түскен жоқ.
Е.А. Запорожану
Рахмет.
Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті комиссия отырысына қатысушылар талқыланған мәселе бойынша біз қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:
- ведомстволық бағынысты ұйымдар тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы мен мерзімдеріне ішкі бақылауды қамтамасыз етілсін, сондай-ақ анықталған кемшіліктерді жою бойынша оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсетілсін;
- «жасырын» мемлекеттік қызметтерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізсін;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласында заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша превентивтік шаралар қабылдасын;
- халықтың хабардар болу деңгейін және қызметтердің қолжетімділігін арттыру мақсатында түрлі коммуникация арналары (стендтер, бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер) арқылы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен тәсілдері туралы жүйелі түрде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізсін;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде мүгедектігі бар адамдар үшін қажетті жағдайлар жасасын;
- мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау жүргізу процесіне азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тартсын;
- халыққа мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы жауапты мамандардың біліктілігін тұрақты негізде арттырсын.
Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданының халқына мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жұмысы туралы» тұрақты комиссияның қаулысы комиссияның хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті отырысқа қатысушылар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.
Жұмыс үшін барлықтарыңызға рахмет.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану