Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы                            1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 4729752,1 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2566980,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 60430,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 2532,0 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 2099810,1 мың теңге;

2) шығындар – 3711336,20 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 13119,0 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 69200,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 56081,0 мың теңге;

4) қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржылық активтерді сатып алу – 0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 1005296,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – -1005296,9 мың теңге.»;

көрсетілген  шешімнің 1, 2 және 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
31 марта 2026