Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2026 жылғы 26 наурыздағы хаттамасы

Төрағалық етті – С.А. Баймурзина, ҚК төрайымы

Қатысқандар: Н.А. Аслиева, М.Б. Ахметчин, И.А. Бекмухамбетова, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, А.С. Мырзахметова, Б.А. Сапарова, Қ.С. Сейткереева, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова

Шақырылғандар:

Ю.П. Краснорылов – Федоров аудынының Ұлтаралық мәдени орталығының басшысы

К.В. Исенгазина – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданы білім бөлімінің «Балалар өнер мектебі» КМҚК директоры

Д.А. Бектыбаева – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы

Б.А. Бакитжанов – Федоров ауылдық округінің әкімі

Ж.Ж. Айменов – «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ әдіскері 

Күн тәртібі:

  1. Федоров ауданында тұратын халықтардың материалдық емес мәдени мұралары мен дәстүрлерін сақтау және дамыту.

(ақпарат. Ю.П. Краснорылов, К.В. Исенгазина)

  1. Федоров ауданында оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру жағдайы туралы.

(ақпарат. Д.А. Бектыбаева)

  1. Федоров ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу туралы.

(ақпарат. Б.А. Бакитжанов)

  1. Қаңғыбас иттер бойынша мәселені шешу туралы.

(ақпарат. Ж.Ж. Айменов)

Тыңдалды: К.В. Исенгазина, Ю.П. Краснорылов  – Федоров ауданында тұратын халықтардың материалдық емес мәдени мұралары мен дәстүрлерін сақтау және дамыту (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлеген: Е.А. Запорожану, З.А. Шашкова, С.А. Баймурзина

Шешім қабылданды:

  1. «Федоров ауданында тұратын халықтардың материалдық емес мәдени мұралары мен дәстүрлерін сақтау және дамыту» жөнінде ақпарат мәліметке алынсын.
  2. Мынадай проблемалық мәселелерді шешу ұсынылсын:

- материалдық-техникалық базаны жаңарту қажеттілігін, жас мамандарды тарту қажеттілігін, аудандық материалдық емес мәдени мұра мұрағатын құру, цифрлық жобаларды енгізу.

Тыңдалды: Д.А. Бектыбаева – Федоров ауданында оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру жағдайы туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлеген: Н.А. Аслиева, С.А. Баймурзина

Шешім қабылданды:

  1. «Федоров ауданында оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру жағдайы туралы» ақпарат мәліметке алынсын.
  2. Мониторинг жүргізу, оқушылардың тамақтану сапасын бақылау бойынша жұмысты жалғастыру ұсынылсын.

Тыңдалды: Б.А. Бакитжанов – Федоров ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлеген: Б.А. Сапарова, Б.А. Умертаев, И.А. Бекмухамбетова, С.А. Баймурзина

Шешім қабылданды:

  1. «Федоров ауылдық округінде су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу туралы» ақпарат мәліметке алынсын.
  2. Федоров ауылдық округінің әкіміне, аппарат қызметкерлеріне тұрғындар, округ ұйымдары мен кәсіпорындарының басшылары арасында өз аумақтарын қардан тазарту жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
  3. Су басу қаупі бар аймаққа кіретін объектілер, тұрғын үйлер бойынша деректер базасы дайындалсын.

Тыңдалды: Ж.Ж. Айменов – Қаңғыбас иттер бойынша мәселені шешу туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, Б.А. Умертаев, М.Б. Ахметчин

Шешім қабылданды:

  1. «Қаңғыбас иттер бойынша мәселені шешу туралы» ақпарат мәліметке алынсын.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                          С. Баймурзина

Дата публикации
30 марта 2026