Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ХІІІ сессиясы отырысының 2026 жылғы 4 наурыздағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин

Қайырлы күн құрметті депутаттар және шақырылғандар!

Бүгін аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы он үшінші сессиясының отырысы өткізілуде.

11 депутаттан сессияға 8 депутат қатысып отыр, қалған депутаттар дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Құрметті депутаттар! Сессия күн тәртібінің жобасы Сіздерге берілді.

Сессия күн тәртібінде 2 мәселе:

  1. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Федоров ауданында іске асыру барысы туралы.
  2. Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылы жүргізілген жұмыс туралы есеп беруі туралы.

Күн тәртібін бекітуді ұсынамын.

Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Басқа ұсыныстарыңыз болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ХІІІ сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Мәселелерді қарастыруға кіріспес бұрын, депутаттар сессия материалдарын электронды форматта алдын ала алғанын және олардың онымен танысуы мүмкін болғанын атап өткен жөн.

Регламент бойынша: қарастырылатын мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт бөлуді ұсынамын.

 «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Федоров ауданында іске асыру барысы туралы» бірінші мәселе бойынша сөз «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Динара Абдыкаримовна Бектыбаеваға беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/Д.А. Бектыбаеваның сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Динара Абдыкаримовнаға сұрақтарыңыз бола ма?

А.М. Байназаров

Айтыңызшы, «Цифрлық мұғалім» жобасы ауданымызда іске асырылды ма?

Д.А. Бектыбаева

Иә, осы жоба ауданның 4 мектебінде іске асырылып жатыр: Қоржынкөл ЖББМ, Костряков ЖББМ, Абай атындағы ЖББМ, М. Мәметова атындағы ЖББМ. Жобаға жаратылыстану-математикалық цикл бағдарламасы бойынша 16 бала қатыстып жүр.

Б.Е. Исенгазин

Тағы сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Сөз Федоров ауыл шаруашылық колледжінің директоры Сауле Арстановна Баймурзинаға беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/С.А. Баймурзинаның сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Сауле Арстановнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, осы мәселе бойынша шешім қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:

«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Федоров ауданында іске асыру барысы туралы» ақпаратты тыңдап, аудандық мәслихаттың депутаттары Федоров ауданының білім беру мекемелерінде жоғарыда аталған Тұжырымдаманы іске асыруға, оқыту сапасын жүйелі түрде жақсартуға, білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған қызмет жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Әр баланың біліміне жұмсалым еліміздің болашағына инвестиция болып табылады

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының б-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Федоров ауданында іске асыру барысы туралы» ақпарат мәліметке алынсын.
  2. «Федоров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:

- сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар, оның ішінде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктерін ескере отырып, арнайы жағдайлар жасау;

- ауданның білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын, оқу-әдістемелік кешендерін одан әрі нығайтуға ықпал ету;

- жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасына тәрбиелеуге берілген балалардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жалғастыру;

- санитарлық-эпидемиологиялық, өрт және терроризмге қарсы талаптарға сәйкес қауіпсіз оқу жағдайларын жасау;

- білім алушыларды ұйымдастырылған қоғамдық қызметке тарту, мектеп оқушыларын олимпиадалық қозғалыспен қамтуды арттыру;

- педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын жоспарлауды және өткізуін ұйымдастыруды жалғастыру ұсынылсын.

  1. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауыл шаруашылығы колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына:

- колледжде сапалы техникалық және кәсіптік білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау бойынша мақсатты жұмысты жүзеге асыру;

- колледж түлектерін ресми жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, ол үшін жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету тетіктерін пайдалану (жұмысқа, жастар практикасына, әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу);

- дуальды оқытуды іске асыруға, өндірістік практикаларды ұйымдастыруға және колледж түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге қатысатын кәсіпкерлердің оң тәжірибесін ақпараттық қолдауды және БАҚ-та таратуды қамтамасыз ету ұсынылсын.

  1. Осы шешімді орындау бойынша атқарылған жұмыс туралы есеп 2027 жылғы 1 ақпанға қарай берілсін.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Шешім жобасы бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Шешім жобасы қолдарыңызда бар. Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын Федоров ауданында іске асыру барысы туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

 Федоров аудандық мәслихатының Регламентіне сәйкес мәслихаттың төрағасы жылына кемінде бір рет мәслихаттың жүргізілген жұмысы туралы есеп береді. Маған «Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылы жүргізілген жұмыс туралы есеп беруі туралы» екінші мәселе бойынша сөз сөйлеуге рұқсат етіңіздер (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/Б.Е. Исенгазиннің сөзі/

 Б.Е. Исенгазин

Маған сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, Федоров аудандық мәслихатының 2025 жылы жүргізілген жұмысы туралы есепті мәліметке алуды ұсынамын.

Басқа ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бар ма? Жоқ.

Егер ескертпелеріңіз болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров аудандық мәслихаты төрағасының 2025 жылы жүргізілген жұмыс туралы есеп беруі туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Құрметті депутаттар, күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін дейтін депутаттар бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланады.

Назарларыңыз үшін рақмет.

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                           Б. Исенгазин

Дата публикации
12 марта 2026