«Мәслихаттың 2026 жылғы 29 желтоқсандағы № 225 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Федоров аудандық мәслихатының шешім жобасы 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 96, 116-баптарына сәйкес әзірленді.
Аталған шешім жобасын қабылдаудың мақсаты - Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің бюджеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес орындалуы болып табылады.
Шешім жобасын қабылдауы әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық теріс салдарға әкеп соқтырмайды.