|
|
Федоров аудандық мәслихатының төрағсы Б.Е. Исенгазиннің XIII сессия отырысындағы есебінен тезистер |
Құрметті Тәуба Қайыржанұлы!
Құрметті депутаттар мен сессияға қатысушылар!
Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының депутаттық корпусы өз жұмысының үшінші жылын аяқтады.
Аудандық мәслихатқа 4 партияның өкілдері кіреді: «AMANAT» партиясынан 7 депутат, «Ақ жол»-дан 2 депутат, «Ауыл» партиясынан 1 депутат және «Respublika»-дан 1 депутат. Барлығы 11 депутат.
Өкілді органдар қызметінің негізгі нысаны ретінде жұмысымызда басты орынды сессия алады. 2025 жылы мәслихат 12 сессия өткізді, олар аудан әкімінің және депутаттардың бастамасымен шақырылды. Аудандық мәслихаттың құзыретіне сәйкес есептік кезеңде 66 шешім қабылданды, оның ішінде 15 – нормативтік құқықтық сипаттағы шешім (Әділет министрлігінде тіркелгені – 3, тіркеусіз қабылданғаны – 12).
«Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес сессияда жыл сайын Федоров ауданы әкімінің есебі тыңдалады. Өткен жылы аудан басшысы депутаттар алдында 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді.
Сондай-ақ мәслихаттың он екінші сессиясында депутаттар Федоров ауданының бес жылдық кезеңге арналған даму жоспарын бекітті, ол ауданның дамуын айқындайды және облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторлары мен нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған.
Бұдан басқа, сессияларда аудандық бюджетті және ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту және нақтылау жөніндегі өкілеттіктер іске асырылады. Барлық жүргізілген нақтылау жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттердің ұлғаюымен немесе азаюымен, қалыптасқан үнемдеуді қайта бөлумен және қаражатты бірінші кезектегі міндеттерді шешуге бағыттаумен байланысты болды. Сондай-ақ сессия отырыстарында аудандық бюджеттің және ауылдық округтер бюджеттерінің атқарылуы туралы есептер тыңдалады.
Аудандық мәслихат өз жұмысында ашықтық пен айқындықтың заңнамалық талабын орындайды. Facebook әлеуметтік желісі арқылы сессиялар мен тұрақты комиссиялар онлайн режимінде көрсетіледі, онда әр сайлаушы қандай мәселелер талқыланып жатқанын және олар бойынша қандай шешімдер қабылданатынын көре алады.
Сессияның бекітуіне енгізілетін, алдын ала зерделеуді талап ететін мәселелерді депутаттар тұрақты комиссиялардың отырыстарында қарайды. Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.М. Байназаров сессияның үш отырысында қаралатын мәселелер бойынша қорытындылармен сөз сөйледі.
Аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясы 2025 жылы ауданның түрлі әлеуметтік бағыттағы 17 мәселені қарады. Комиссиялардың отырыстары Федоров аудандық мәслихатының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді. Сондай-ақ, шұғыл қарауды талап ететін мәселелер (бюджеттерге өзгерістер енгізу және кәсіпкерлер палатасының хаты) бойынша жоспардан тыс 4 отырыс өткізілді.
Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Тұрақты комиссиялардың отырыстарына дайындық кезінде мәслихат депутаттары қаралатын мәселелерді зерделеу шеңберінде елді мекендерге, әлеуметтік, білім беру және мәдени нысандарға барып, аудан тұрғындарымен кездесті. Есептік кезеңде депутаттардың жұмыс топтары 26 нысанды аралады, 4 ауылдық округ қамтылды.
Сондай-ақ 2025 жылы тұрақты комиссиялар ауылдық округтерде 3 көшпелі отырыс өткізді, онда депутаттар жоспарланған мәселелерді орнында қарады.
Тұрақты комиссиялардың берген ұсынымдары орындалуына байланысты 2024 жылғы 15 тамыздағы № 36 «Қоржынкөл ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» және 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 37 «Федоров ауданында мал шаруашылығын дамыту туралы» қаулылар бақылаудан алынды.
Аудандық мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарына белсенді қатысқан депутаттар: С.А. Баймурзина, А.М. Байназаров, Е.А. Запорожану, Т. Зия, Н.Ю. Поставничий, А.С. Резник.
Есептік кезеңде аудандық мәслихат депутаттары ауданның мемлекеттік органдарына 22 депутаттық сауал жолдады, олар бойынша түсініктемелер берілді. Депутаттық сауалдардың сипаты негізінен «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын (сумен қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы, бейімдеу, құрылыс) орындау бойынша Жол картасын іске асырумен байланысты.
Федоров аудандық мәслихатында «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы түріндегі депутаттық бірлестік тіркелген. Есептік кезеңде фракциямен 5 отырыс өткізілді, 11 мәселе қаралды, 26 ұсыныс берілді, оның 17-сі орындалды.
Фракция депутаттарының қатысуымен 38 азаматтарды көшпелі қабылдау өткізіліп, 78 мәселе қаралды, оның 61-і оң шешіліп, 17-сі бойынша түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, партия филиалында 42 жеке қабылдау өткізілді, 84 өтініш қаралды, оның 74-і оң шешімін тапты және 10-ы бойынша түсініктеме берілді.
2025 жылдың қаңтар айында депутаттардың сайлаушылармен есептік кездесулерін өткізу бойынша жұмыс жалғасты. Депутаттар А.С. Резник және Е.А. Запорожану Первомай және Федоров ауылдық округтерінде есеп беру кездесуін өткізді.
Есептік кездесулерде сайлаушылар көтеретін мәселелерді шешу бойынша депутаттар әрдайым аудан әкімі, уәкілетті мемлекеттік органдар, ауылдық округтердің әкімдері, аудан ұйымдары мен кәсіпорындары тарапынан қолдау табады.
Өткен жылы біздің ауданға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары: Сенат депутаты Бибігүл Аққужина және Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл жұмыс сапарымен келді.
Парламент депутаттары ауданның әлеуметтік және білім беру мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіп, медициналық нысандарды аралап, Федоров ауылындағы тұрғын үйлердің құрылысын тамашалады. Сайлаушылармен кездесулер өткізіп, халық көтерген проблемалық мәселелерді бақылауға алды. Аудандық мәслихаттың депутаттары осы кездесулерге әрдайым белсенді қатысады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің жанынан құрылған Мәслихат депутаттары кеңесі отырысының хаттамасын орындау мақсатында аудандық мәслихат депутаттары Федоров ауданы білім беру ұйымдарының директорларын тыңдады. Сапалы білім беру қызметтерін ұсыну, мектептерді педагогикалық кадрлармен жасақтау және материалдық-техникалық базаны жарақтандыру мәселелері қозғалды.
Сондай-ақ, есептік кезеңде аудандық мәслихаттың төрт депутаты (С.А. Баймурзина, Т. Зия, Б.Е. Исенгазин, А.С. Резник) Федоров ауданынан делегация құрамында Қостанай облысының әкімі Қ.І. Ақсақаловтың қатысуымен өткен Қостанай облысының 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы кеңейтілген отырысқа қатысты.
Аудандық мәслихаттың депутаты С.А. Баймурзина Жұмысшы мамандықтар жылының ашылуы аясында Астана қаласында өткен «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліне қатысты.
Мен, аудандық мәслихаттың төрағасы ретінде, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысының жұмысына қатыстым. Сонымен қатар, салықтық-бюджеттік реформасын түсіндіру мақсатында облысымызға келген ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржановпен кездесуге қатыстым.
Мәслихат депутаты А.С. Резникпен бірге шахматтан «Senat open 2025» II-ші ашық кубогы турниріне қатыстық. Біз 28 тамызда Астана қаласында өткен финалға өттік.
14 қарашада аудандық мәслихаттың депутаты, бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы А.М. Байназаров Астана қаласындағы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің екінші форумына қатысты.
Аудандық мәслихат депутаттары қайырымдылық акцияларына, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыруға қатысты, сондай-ақ олар ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына кіреді, ауданның әлеуметтік-экономикалық өміріне белсенді қатысады.
Ақпаратқа қол жеткізу туралы заңды орындау мақсатында мәслихат аппараты Федоров аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Сайтта мәслихаттың жұмысы туралы өзекті ақпарат және отырыстардың онлайн-көрсетілімдеріне сілтемелер орналастырылады.
Қорытындылай келе, аудандық мәслихаттың қызметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына және бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес уақтылы және мақсатты түрде жүргізілгенін айтқым келеді.
Аудандық мәслихат депутаттарынан ағымдағы жылы депутаттық сауалдар, азаматтарды жеке қабылдау бойынша жұмысты жандандыруды, депутаттық қызметте әлеуметтік желілерді белсенді пайдалануды сұраймын.
Назарларыңызға рахмет!