Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясы отырысының 2026 жылғы 18 ақпандағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин

Қайырлы күн!

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 9 депутат қатысып отыр, кейбір депутаттар бейне байланыс арқылы қосылды. Кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, шақырылды.

Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.

Сессиясының күн тәртібінде 3 мәселе:

  1. Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 225 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Күн тәртібін кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселе бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.

«Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 225 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/С.Ф. Завощенконың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 225 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Күн тәртібіндегі келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, шығып қалғандардың орнына округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қажет:

№ 6 округтік сайлау комиссиясы бойынша

Гизатулина Татьяна Сергеевна.

№ 10 округтік сайлау комиссиясы бойынша

Капсултанова Салтанат Танатаровна.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Күн тәртібіндегі соңғы мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қажет:

№ 792 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Мухаметжанова Жанар Галиаскаровна.

№ 799 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Атнабаева Мария Викторовна.

№ 806 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Яцкевич Антонина Александровна.

№ 807 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Савченко Елена Ивановна.

№ 834 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Зайцева Венера Нарзыевна.

№ 846 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Серденбаева Айгуль Алексеевна.

Құрметті депутаттар шешім жобасы бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессия күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланады.

Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет.

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                                              Б. Исенгазин

Дата публикации
20 февраля 2026