Федоров аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмысты жүргізуде.
2025 жылдың қорытындысы бойынша депутаттық фракция 5 отырыс өткізді, 11 мәселе қаралды, 26 ұсыныс берілді, оның 17-сі орындалды.
Фракция депутаттарымен 38 азаматтарды көшпелі қабылдау өткізіліп, 78 мәселе қаралды, оның 61-і оң шешіліп, 17-сі бойынша түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, партия филиалында 42 жеке қабылдау өткізілді, 84 өтініш қаралды, оның 74-і оң шешімін тапты және 10-ы бойынша түсініктеме берілді.
Федоров аудандық мәслихатының депутаттары ауданның түрлі ұйымдарына 21 депутаттық сауал жолдады, олар бойынша түсініктемелер берілді.