Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.
Б.Е. Исенгазин
Қайырлы күн!
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 10 депутат қатысып отыр, кейбір депутаттар бейне байланыс арқылы қосылды. Кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.
Күн тәртібінде 3 мәселе:
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім осы күн тәртібін жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.
«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші мәселе бойынша сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (баяндамасы сессия хаттамасына қоса беріледі).
/С.Ф. Завощенконың сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.
Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 219 «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Келесі мәселе – Мәслихаттың 2011 жылғы 28 ақпандағы № 435 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Кадрлық өзгерістерге байланысты Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамына мынадай өзгерістер енгізу қажет:
1) комиссия мүшесі болып енгізілсін: Майоров Ерлан Рашидулы – Федоров ауданының прокуроры;
2) «Бекмухамбетова Инна Александровна – «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Бекмухамбетова Инна Александровна – «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы»;
3) Т.А. Телемисов шығарылсын.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2011 жылғы 28 ақпандағы № 435 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы құқық бұзушылықты алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Күн тәртібінің соңғы мәселесі – Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес бізге Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы мәслихат шешімінің күшін жою керек.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Федоров аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Б.Е. Исенгазин
Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Сессия жабық деп жарияланады.
Жұмыстарыңыз үшін рақмет.
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин