Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2026 жылғы 29 қаңтардағы хаттамасы

Төрағалық етті – С.А. Баймурзина, ҚК төрайымы

Қатысқандар: Н.А. Аслиева, И.А. Бекмухамбетова, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, Қ.С. Сейткереева, З.А. Шашкова

Қатыспағандар: М.Б. Ахметчин – оқуда, А.С. Мырзахметова – демалыста, Б.А. Сапарова – декреттік демалыста, Б.А. Умертаев – демалыста

Шақырылғандар:

Айнагуль Сактагановна Зайтинова – «Қазпошта» АҚ Федоров аудандық пошта байланысы торабының басшысы

Ольга Владимировна Клуйш – ХҚКО маманы  

Рустем Дегенбаевич Баймурзин – «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы

Константин Александрович Сукурманов – «Федоровские новости» газетінің корреспонденті

Антонина Анатольевна Вязовая – пошта байланысының операторы

Күн тәртібі:

  1. «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланысы торабының клиенттермен жұмысы туралы.

(ақпарат. А.А. Вязовая)

  1. ХҚКО қызметкерлерінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарымен жұмысы туралы.

(ақпарат. О.В. Клуйш)

  1. Жалғыз тұратын егде жастағы азаматтарға көмек көрсету бойынша еріктілердің жүргізген жұмысы туралы.

(ақпарат. И.А. Бекмухамбетова)

  1. Қоғамдық кеңестің 2025 жылғы жұмысының қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттері.

(ақпарат. З.А. Шашкова)

  1. Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын қарау және бекіту.

Тыңдалды: А.А. Вязовая – «Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланысы торабының клиенттермен жұмысы туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлеген: З.А. Шашкова, С.А. Баймурзина, Н.А. Аслиева

Шешім қабылданды:

  1. А.А. Вязоваяның ««Қазпошта» АҚ аудандық пошта байланысы торабының клиенттермен жұмысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Аудандық пошта байланысы торабының басшысы А.С. Зайтиноваға Федоров ауданы тұрғындарының назарына «Халыққа уақытылы, сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету туралы» ақпаратты жеткізу ұсынылсын.
  3. Федоровка ауылында 1 банкомат және 2 POS-терминал жұмыс істейтіні, POS-терминал арқылы жалақы, зейнетақы және жәрдемақы алу кезінде қандай құжаттар болуы қажет екенідігі халыққа жеткізілсін.
  4. Пошта қызметтері, 2026 жылға арналған жоспарлар әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалансын.

Тыңдалды: О.В. Клуйш – ХҚКО қызметкерлерінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарымен жұмысы туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлеген: Р.Д. Баймурзин, Н.А. Аслиева, А.А. Ворожеев

Шешім қабылданды:

  1. О.В. Клуйштің «ХҚКО қызметкерлерінің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарымен жұмысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. ХҚКО қызметкерлері мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету кезінде мынадай шаралар қабылдайтынын атап өту қажет:

- мүгедектігі бар адамдардың тұрғылықты жеріне барады;

- қажет болған жағдайда І қабатта қызмет көрсетеді.

  1. ХҚКО басшысы У.С. Укасовқа І қабатта кабинетті жабдықтау мәселесін шешу ұсынылсын.

Тыңдалды: И.А. Бекмухамбетова – Жалғыз тұратын егде жастағы азаматтарға көмек көрсету бойынша еріктілердің жүргізген жұмысы туралы (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлеген: Қ.С. Сейткереева, С.А. Баймурзина

Шешім қабылданды:

  1. И.А. Бекмухамбетованың «Жалғыз тұратын егде жастағы азаматтарға көмек көрсету бойынша еріктілердің жүргізген жұмысы туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
  2. Жастар ресурстық орталығына жалғыз тұратын егде жастағы азаматтарға, мүгедектерге көмек көрсету жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылсын.
  3. Ауылдық округтерде еріктілер қызметі жандандырылсын.

Тыңдалды: З.А. Шашкова – Қоғамдық кеңестің 2025 жылғы жұмысының қорытындылары және   2026 жылға арналған міндеттері (ақпарат қоса беріледі).

Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, Е.А. Запорожану

Шешім қабылданды:

  1. Қоғамдық кеңес мүшесі З.А. Шашкованың «Қоғамдық кеңестің 2025 жылғы жұмысының қорытындылары және 2026 жылға арналған міндеттері» ақпараты мәліметке алынсын. 

Тыңдалды: С.А. Баймурзина – Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы (жұмыс жоспары қоса беріледі).

Шешім қабылданды:

  1. Қоғамдық кеңес мүшелеріне халықтың ұсыныстары бойынша жұмыс жоспарына қосымша мәселелерді енгізу ұсынылсын.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                          С. Баймурзина

Дата публикации
04 февраля 2026