Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ХІІ сессиясы отырысының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин 

Қайырлы күн құрметті депутаттар және шақырылғандар!

Бүгін аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы он екінші сессиясының отырысы өткізілуде.

11 депутаттан сессияға 8 депутат қатысып отыр, қалған депутаттар дәлелді себептер бойынша қатыспады. Кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы Исабаев қатысып отыр.

Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Қоғамдық кеңестің төрайымы, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Құрметті депутаттар! Сессия күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілді.

Күн тәртібінде 7 мәселе.

Бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы.

Күн тәртібін бекітуді ұсынамын.

Басқа ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.

Басқа ұсыныстарыңыз болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының XII сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Мәселелерді қарастыруға кіріспес бұрын, депутаттар сессия материалдарын электронды форматта алдын ала алғанын және олардың онымен танысуы мүмкін болғанын атап өткен жөн. Алдын ала қарауды талап ететін мәселелер тұрақты комиссияның отырысында қаралды.

Регламент бойынша: қарастырылатын мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт бөлуді ұсынамын.

Бірінші мәселе бойынша «Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» сөз Федоров ауданы әкімінің орынбасары Карина Кайратовна Муратоваға беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/К.К. Муратованың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Карина Кайратовнаға сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Сөз аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Алексей Мерекеевич Байназаровқа беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/А.М. Байназаровтың сөзі/

Тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.

Шешім жобасы Сіздердің қолдарыңызда бар. Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Екінші мәселе бойынша «Федоров аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары туралы» сөз аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Елена Александровна Запорожануға беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/Е.А. Запорожануның сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.

Осы мәселе бойынша шешім қабылдауымыз қажет, келесі жобаны ұсынамын:

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері және әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының есебі мәліметке алынсын.
  2. Тұрақты комиссияларының төрағаларына ұсыныс берілсін:

- өз қызметінде заңнамамен берілген өкілеттіктерді тиімді пайдалансын;

- өз жұмысына ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларын, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін тартсын;

- комиссиялардың көшпелы отырыстарын тұрақты негізінде өткізсін;

- өз комиссиялары қаулыларының орындалуына бақылауды жалғастырсын.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Иә?Қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Федоров аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Федоров аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы».

Құрметті депутаттар, шешім жобасы сіздерге алдын ала таратылды.

Қандай ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз, қарсылықтарыңыз болады? Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын. Иә? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Федоров аудандық мәслихатының 2026  жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

«Федоров ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» мәселе бойынша сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (сөзі сессияның хаттамасына қоса беріледі).

/С.Ф. Завощенконың сөзі/

Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.

Тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.

Құрметті депутаттар, шешім жобасы сіздердің қолдарыңызда бар.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Федоров ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Келесі мәселе «Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы».

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау қажет:

№ 799 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Паладуца Юлия Равкатовна.

№ 800 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Гасанова Оксана Геннадьевна.

№ 818 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Ган Марина Эриковна.

№ 820 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша 

Казанцева Наталья Васильевна.

№ 832 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Безбабный Николай Евгеньевич;

Дущанова Рахила Кусаиновна.

№ 837 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Зелинская Ангелина Денисовна.

№ 842 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Бачурина Дарья Михайловна.

№ 843 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша

Мазун Галина Владимировна;

Храмцова Ольга Геннадьевна.

Құрметті депутаттар шешім жобасы бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз болады ма? Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Қарсы? Қалыс қалды?

Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Б.Е. Исенгазин

Келесі мәселе: «Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ХІІ сессиясының жұмысындағы үзіліс туралы».

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-тармағы негізінде «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» мәселені қарастыру үшін 2025 жылғы 29 желтоқсанға сағат 10.00-ге дейін  ХІІ сессияның жұмысында үзіліс жариялауды ұсынамын.

Депутаттарда қарсылықтар бар ма? Жоқ.

Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.

Иә? Қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ХІІ сессиясының жұмысындағы үзіліс туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Құрметті депутаттар мен шақырылғандар бүгінгі күнге сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Баршаңызға жұмыс үшін рақмет.

 Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                           Б. Исенгазин

Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы ХІІ сессиясы отырысының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы хаттамасы
Дата публикации
09 января 2026