Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.
Б.Е. Исенгазин
Қайырлы күн!
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 8 депутат қатысып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Тәуба Қайыржанұлы исабаев қатысып отыр, сондай-ақ сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.
Күн тәртібінде 2 мәселе:
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім осы күн тәртібін жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.
Бірінші мәселе бойынша «Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (баяндамасы сессия хаттамасына қоса беріледі).
/С.Ф. Завощенконың сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.
Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы сіздердің қолдарыңызда бар.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Келесі мәселе «Федоров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 111 «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушысының 2025 жылғы 28 шiлдедегi № 279 «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығына сәйкес біз мәслихаттың шешімін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруіміз қажет.
Шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма! Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 сәуірдегі № 111 «Федоров ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Сессия жабық деп жарияланады.
Жұмыстарыңыз үшін рахмет.
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин