Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, аудандық мәслихат төрағасының 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 4 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі негізінде 2026 жылғы 9 қаңтардан бастап 12 қаңтарға дейін «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
1) аппарат қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) ұйымдастыру-басқару қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
аудандық мәслихаты аппаратының қызметін реттейтін заңнаманы зерделеу қорытындысы бойынша өз қалауы бойынша шешім қабылдауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға, жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде кедергілер жасауға ықпал ететін ережелер анықталған жоқ (ММ ережесіне, аудандық мәслихат регламентіне, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесіне талдау жүргізілді, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңы зерделенді).
Аудандық мәслихаттың шешімдері құзыреті шегінде қабылданды.
Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. 9 қаңтарда аудандық мәслихат шешімдерінің құқықтық мониторингі жүргізілді. Құқықтық мониторингінің нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық нормалары анықталған жоқ. НҚА жобалары жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылады, сондай-ақ талқылау үшін Федоров ауданының Қоғамдық кеңесіне жіберіледі. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын НҚА жобаларында Федоров ауданының кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлер мен фермерлер одағының қорытындылары бар.
2.1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдарды айқындау:
Аппараттың штат саны 5 бірлікті құрайды, нақты саны 5 бірлік. Есептік кезеңде ауысуы болған жоқ.
Аппарат қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, тәртіптік жауапкершілік, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тарту фактілері жоқ.
Аппарат қызметшілерінің лауазымдық нұсқаулықтарында олардың лауазымдық құқықтары мен міндеттері толық көрсетілген, қызметкерлердің міндеттерін қайталау фактілері жоқ.
Аудандық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулермен таныстырылды, олар жеке істеріне тігілді.
Аппарат қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдамау фактілері анықталмаған.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мәтіні ақпараттық стендте және Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында орналасқан.
Барлық мемлекеттік қызметшілер 2024 жыл бойынша кірістер туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтерді ұсынады.
Бұқаралық ақпарат құралдарына («Федоровские новости» аудандық газетіне, Федоров ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсына, Facebook әлеуметтік желісіне) жүргізілген мониторинг мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар болмағанын көрсетті.
Федоров аудандық мәслихатының аппаратында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар анықталмаған.
Осы бағытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
2.2. Мүдделер қақтығысын реттеу:
Аудандық мәслихат аппараттында туыстық байланысы бар мемлекеттік қызметшілер жұмыс істемейді, тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін емес.
2.3. Мемлекеттік қызметтер көрсету:
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
2.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру:
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ рұқсат беру функцияларын іске асырмайды.
2.5. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру:
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ бақылау-тексеру функциялары жоқ.
2.6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу:
2025 жылдың нәтижелері бойынша бюджет қаражатын игеру 100% құрайды.
2025 жылға арналған бюджет қаражаты бір бағдарлама бойынша бөлінді.
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің 2025 жылға арналған бюджеттік бағдарламалары «Ашық бюджеттер» порталында уақтылы орналастырылды.
«Ашық бюджеттер» порталында «2026-2028 жылдарға арналған Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-нің бюджеттік бағдарламаның жобасы орнастырылған. Бюджеттік бағдарламаның жобасы бойынша ескертпелер мен ұсыныстар жоқ.
2.7. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу:
2025 жылы мемлекеттік сатып алулар Баға ұсыныстарын сұрату, негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурс тәсілдерімен, өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден, шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден жүзеге асырылды. Мемлекеттік сатып алу бойынша барлығы 40 шарт жасалды.
Мемлекеттік сатып алуды тиісінше жүргізу қамтамасыз етіледі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
2.8. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану:
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ мынадай ақпараттық жүйелер пайдаланады: ЭҚАБЖ, МОИП, "Е-қызмет" АЖ, "ЕЭАД" АЖ, "e-Otinish" АЖ, «Казначейство-Клиент» АЖ, «Парус-Қаз.Бюджет» бғдарламалық өнім, "Заң" ДБ. "Ашық НҚА" және "Ашық бюджеттер" ашық үкімет порталдарында, электрондық еңбек биржасында, МО ЕПИР-де жеке кабинеттер бар.
2.9. Ұйымдастыру-бақылау қызметінен туындайтын өзге де мәселелер:
2025 жылы 9 өтініш келіп түсті, жеке тұлғалардан 5, заңды тұлғалардан 4 өтініш. 6 өтініш жеңілдетілген әкімшілік рәсім тәртібімен қаралды, 1 өтініш кері қайтарып алу туралы өтініш негізінде қараусыз қалдырылды, 2 өтініш басқа мемлекеттік органдарға қайта жіберілді.
Есептік кезеңде мемлекеттік органға қатысты тексеру жүргізілмеді.
Прокурорлық ден қою актілері келіп түспеді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында аудандық мәслихат төрағасының өкімімен жекелеген блоктар бойынша ақпаратты орналастыруға жауаптылар бекітілді.
Федоров аудандық мәслихатының ресми интернет-ресурсында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» қойынды жасалды, онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қызметін қозғайтын материалдар орналастырылған.
Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасына сәйкес «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Аудандық мәслихат аппаратында 2025 жылы бекітілген жоспарға сәйкес қызметкерлердің құқықтық жалпы оқыту өткізілді.
Федоров аудандық мәслихатының азаматтарды қабылдау кестесі және «сенім телефоны» нөмірі ақпараттық стендте және Федоров аудандық мәслихатының ресми сайтында орналасқан.
«Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметіндегі 2025 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындылары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері айқындалмады.
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин
КЕЛІСІЛДІ
Ааудандық мәслихаты
аппаратының басшысы
____________ Ж. Мурзахметова
«12» қаңтар 2026 жыл