Федоров аудандық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2025 жылғы жұмыс қорытындылары туралы

 

Аудандық мәслихат депутаты Е.А. Запорожанудың Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының  ХІІ сессиясында сөз сөйлеуі

Құрметті Тәуба Қайыржанұлы, құрметті депутаттар мен

сессияға қатысушылар!

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы есебін ұсынамын. 

Аудандық мәслихаттың екі тұрақты комиссиясы ағымдағы жылы түрлі әлеуметтік бағыттағы 17 мәселені қарады. Отырыстар Федоров аудандық мәслихатының бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес өткізілді.

Комиссия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

2025 жылы тұрақты комиссиялар ауылдық округтерде 3 көшпелі отырыс өткізді, онда депутаттар жоспарланған мәселелерді орнында қарады.

Мәселен, Ленино ауылында аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті, онда Ленин ауылдық округінің әкімі өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді. Отырыс алдында депутаттар Ленино ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралады.

«Федоров ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау саласында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы» мәселесін зерделеу мақсатында ағымдағы жылдың 18 наурызында аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы Новошумное ауылында көшпелі отырыс өткізді. Депутаттар алдын ала хоккей кортына, жалпы білім беретін мектептің спорт залына және ауыл әкімі аппаратының ғимаратында орналасқан спорт залына барды.

Федоров ауданында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау саласындағы жұмыс туралы «Федоров ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Евгений Григорьевич Коваленко негізгі баяндама жасады, қосымша баяндаушы «Федоров аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Сергей Викторович Фурсов болды, сондай-ақ емхана меңгерушісі Светлана Юрьевна Фурсова отырысқа қатысушыларды ауданда салауатты өмір салтын насихаттау жөнінде хабардар етті.

2025 жылғы 21 тамызда Банновка ауылында әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті.

Банновка ауылының әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне және Чеховка ауылындағы сүт-тауар фермасының құрылысына барған депутаттар Банновка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Инна Сергеевна Хачайдың «Баннов ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оның одан әрі даму перспективалары туралы» баяндамасын тыңдады.

XI сессияның отырысына дайындық барысында бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері Федоровка-Новошумное-Кеңарал автомобиль жолының учаскесіне барып, жол төсеміне жүргізілгенін орташа жөндеуді қарады. Сондай-ақ, депутаттар Федоровка ауылындағы Фрунзе көшесіндегі жолды орташа жөндеу жұмыстарының сапасымен танысты; Федоровка ауылындағы екі және төрт пәтерлі үйлердің құрылысын тамашалады және «Ауылдық тірек және шағын жинақты мектептерде жекелеген пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу» пилоттық жобасына енген М. Мәметова атындағы жалпы білім беретін мектебінде болды.

«Федоров ауданында мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне әлеуметтік инфрақұрылымы объектілерін бейімдеу жөніндегі жұмыс туралы» мәселесі бойынша әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысына дайындық шеңберінде аудандық мәслихат депутаттарының тобы Федоровка ауылында 5 аралас тауарлар дүкенін, «Надежда» сауда үйін, 3 дәріхананы, «Заит» қонақ үйін аралап, шағын бизнес нысандарының мүгедектігі бар адамдарға қалай бейімделгенін тексердім.

Сапар қорытындысы бойынша бизнес иелеріне объектілерді бейімдеу бойынша тиісті жұмыс жүргізу ұсынылды, өйткені Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы қолданыстағы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген (120-дан 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл).

Тұрақты комиссиялар комиссия отырыстарында қабылданған қаулылардың орындалуына бақылау жүргізеді. Солай, «Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2024 жылғы 15 тамыздағы № 36 «Қоржынкөл ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» қаулысын орындау туралы», «Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және      өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 37 «Федоров ауданында мал шаруашылығын дамыту туралы» қаулысын орындау туралы» мәселелері тыңдалды. Тұрақты комиссиялар берген ұсынымдар орындалды, көрсетілген қаулылар бақылаудан алынды.

Сонымен қатар, комиссия отырыстарында «Федоров ауданында мәдениет саласын дамыту туралы», «2025 жылдың жазғы кезеңінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы», «Федоров ауданындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі туралы», «Федоров ауданы аудандық бюджетінің және ауылдық округтері бюджеттерінің 2024 жылы атқарылуы туралы» мәселелері қаралды,  Федоров ауданының 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеті мен ауылдық округтері бюджеттерінің жобалары тыңдалды

Шұғыл қарауды талап ететін мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың жоспардан тыс отырыстары өткізіледі. Мұндай отырыстарда аудан бюджетіне және ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды, сондай-ақ ағымдағы жылы Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Федоров ауданындағы филиалы директорының оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы хаты қаралды (комиссия жаңа Салық кодексі күшіне енгенге дейін мөлшерлеме мөлшерін төмендетпеу жөнінде шешім қабылдады).

2025 жылдың қорытындысы бойынша барлық жоспарланған мәселелер уақтылы қаралды. Тұрақты комиссиялардың өткізілген отырыстары туралы ақпараттық материалдар «Федоровские новости» аудандық газетінің беттерінде, Федоров аудандық мәслихатының интернет-ресурсында жарияланады, Facebook әлеуметтік желісінде тұрақты комиссиялар отырыстарының онлайн-трансляциялауы жүргізіледі.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз жұмысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті және маңызды мәселелерін тұрақты негізде қозғайды. Ауылдық округ әкімдеріне және атқарушы органдарға көшпелі отырыстар мен жұмыс сапарларын ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін алғыс айтқымыз келеді.

Назарларыңызға рақмет!

Дата публикации
05 января 2026