Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің 2025 жылғы жұмыс қорытындысы

2025 жылы Қоғамдық кеңестің 12 отырысы өткізілді, 28 мәселе қаралды.

26-дан астам мониторинг жүргізілді:

  1. Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету бойынша;
  2. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік объектілерді бейімдеу бойынша;
  3. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңын сақтау бойынша;
  4. Әлеуметтік-экономикалық даму, «Таза Қазақстан» бағдарламаларын орындау бойынша;
  5. Әлеуметтік объектілердің құрылысы, жолдарды жөндеу бойынша.

7 қоғамдық тыңдау өткізілді: ауданды дамыту бағдарламаларын орындау бойынша (әлеуметтік-экономикалық даму, «Таза Қазақстан»); Кадрларды дайындау және қайта даярлау бағдарламасын орындау бойынша (Жұмысшы мамандықтарының жылы бойынша іс-шаралар).

Мемлекеттік мекемелердің 12 басшысының есептері тыңдалды:

  1. «Федоров ауданының Мансап орталығы» КММ директоры А.Д. Куантаевтың (Жұмыссыздарды жұмысшы мамандықтарға дайындау және қайта даярлау туралы).
  2. «Федоров ауданының білім бөлімі» ММ басшысы Д.А. Бектыбаеваның (Федоров ауданының оқушыларын сауықтыру туралы).
  3. Жастар ресурстық орталығының басшысы М.Б. Ахметчиннің (Аудандағы еріктілер қозғалысы туралы).
  4. «Федоров ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Ж.Ж. Айменовтің (Елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалау туралы).
  5. «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы И.А. Бекмухамбетованың («Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңын сақтау туралы).
  6. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Р.Д. Баймурзиннің (Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік объектілерді бейімдеу жөніндегі бағдарламаны орындау туралы).
  7. «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.Ф. Завощенконың («Ауыл – Ел бесігі», «Дипломмен – ауылға!» бағдарламаларын орындау туралы).
  8. «Федоров ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау қызметінің басшысы Г.Б. Умертаеваның (Халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету туралы).
  9. «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы К.А. Мукановтың (Аудандағы тұрғын үй құрылысы жөніндегі бағдарламаны орындау туралы).

10-11. Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаевтың «Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын орындау туралы» есеп беруі (шілде, желтоқсан).

  1. Федоров ауылдық округінің әкімі Б.А. Бакитжановтың есеп беруі.

23 нормативтік құқықтық акті қаралды.

Федоров ауданы

Қоғамдық кеңесінің төрайымы                                          С. Баймурзина

Дата публикации
05 января 2026