Төрағалық етті – С.А. Баймурзина, ҚК төрайымы
Қатысқандар: Н.А. Аслиева, И.А. Бекмухамбетова, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, А.С. Мырзахметова, Б.А. Сапарова, Қ.С. Сейткереева, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова
Шақырылғандар:
Б.А. Бакитжанов, Р.Г. Валеев, Б.Е. Исенгазин
Қоғамдық кеңестің жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаев қатысты.
Күн тәртібі:
- Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаевтың «Ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2026 жылға арналған міндеттері туралы» есебі.
- Федоров ауылдық округінің әкімі Б.А. Бакитжановтың «Федоров ауылдық округін дамыту жөніндегі бағдарламаның орындалуы туралы» есебі.
- Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту.
Тыңдалды: Т.К. Исабаев – Ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2026 жылға арналған міндеттері туралы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: З.А. Шашкова, С.А. Баймурзина, Б.А. Умертаев
Шешім қабылданды:
- Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаевтың «Ауданның 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2026 жылға арналған міндеттері туралы» есебі мәліметке алынсын.
- Қоғамдық кеңес мүшелеріне Федоров ауданы тұрғындарының назарына «Федоров ауданының 2025 жылға арналған даму бағдарламасының орындалуы және әлеуметтік-экономикалық дамудың 2026 жылға арналған жоспарлары туралы» ақпаратты жеткізу ұсынылсын.
Тыңдалды: Б.А. Бакитжанов – Федоров ауылдық округін дамыту жөніндегі бағдарламаның орындалуы туралы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: Е.А. Запорожану, А.А. Ворожеев
Шешім қабылданды:
- Федоров ауылдық округінің әкімі Б.А. Бакитжановтың «Федоров ауылдық округін дамыту жөніндегі бағдарламаның орындалуы туралы» есебі мәліметке алынсын.
- Ауылдық округті дамыту бағдарламасына округ тұрғындарының Жаркөл ауылындағы Луговая көшесін жөндеу, Затышенка ауылындағы көшелерді жарықтандыру бойынша ұсыныстарын қосу ұсынылсын.
Тыңдалды: С.А. Баймурзина
Ол Қоғамдық кеңес мүшелерін Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасымен таныстырды (жоспар жобасы қоса беріледі).
Шешім қабылданды:
Қоғамдық кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина