Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы – Алексей Мерекеевич Байназаров төрағалық етеді.
Қайрлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілуде.
Отырысқа аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылып, қатысып отыр.
Күн тәртібінде мынадай мәселе: Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 37 «Федоров ауданында мал шаруашылығын дамыту туралы» қаулысын орындау туралы.
Сөз «Федоров ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Адиль Маратович Мырзахметовке беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/А.М. Мырзахметовтың сөзі/
А.М. Байназаров
Адиль Маратовичке сұрақтарыңыз бар ма?
А.М. Байназаров
Өз баяндамаңызда сіз сүт сатып алу бойынша сандарды айттыңыз, 2020 жылдың басынан бастап – 19 мың тонна сүт және одан әрі 2021 жылы – 29 мың тонна, содан кейін төмендеу болды, ағымдағы жылы – 16,8 мың тонна сүт. Осыған байланысты төмендеу немен байланысты?
А.М. Мырзахметов
Өткен кезеңде мұндай сандар, өйткені ағымдағы жылдың қараша, желтоқсан айларындағы сандар әлі қосылмаған.
А.М. Байназаров
Сөз «Федоров ауданының ветеринарлық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның басшысы Нурлан Кадырович Кыстаубаевқа беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/Н.К. Кыстаубаевтың сөзі/
А.М. Байназаров
Нурлан Кадыровичке сұрақтарыңыз бар ма?
А.М. Байназаров
Сіздің ведомствоңыздың мамандары бойынша штат толық қамтылған ба?
Н.К. Кыстаубаев
Бүгінгі таңда бізде 3 ауылдық округте мамандар жоқ, олар Қоржынкөл, Баннов және Вишнев ауылдық округтерінде ветеринарлық дәрігерлер.
З. Тилекберген
Воронеж ауылдық округінің Успеновка ауылында соңғы үш жыл бойы жеке меншіктегі жануарлардың Бруцеллез ауруына шалдығуына байланысты қандай іс-шаралар жүргізіледі?
Н.К. Кыстаубаев
Ауру жануар анықталған жерде ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін жүргізу қажет, оны тапсыру, дезинфекциялау, топырақта қалмас үшін көңді толығымен жою қажет. Жеке секторлар бұл талаптардың барлығын толық орындамайды сондықтан бұл ауру басқа жануарларға беріле береді.
А.М. Байназаров
Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ауданның уәкілетті органдары қаулыны орындау бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтеді.
Құрметті комиссия отырысына қатысушылар, талқыланған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Осы қаулы бойынша, ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2024 жылғы 24 қыркүйектегі № 37 «Федоров ауданында мал шаруашылығын дамыту туралы» қаулысын орындау туралы» қаулы комиссияның хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті отырысқа қатысушылар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.
Жұмыс үшін барлықтарыңызға рахмет.
Бюджет, экономика, жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы А. Байназаров