2025 жылғы 18 қарашадағы №58 қаулы

Федоров ауданында мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне әлеуметтік

инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жөніндегі жұмыс туралы

Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рустем Дегенбаевич Баймурзиннің «Федоров ауданындағы мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жөніндегі жұмыс туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынылсын:

- мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделудің сәйкестігі тұрғысынан ауданның әлеуметтік маңызы бар объектілеріне мониторинг жүргізсін;

- Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Федоров ауданындағы филиалымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерімен бизнес объектілерінің мүгедек адамдардың қажеттіліктеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

- «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» ақпараттық порталында деректерді өзектендіру бойынша жұмыс жүргізсін.

  1. «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне 2025 жылдың соңына дейін Пешков ауылдық клубы ғимаратының мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделуді аяқтау ұсынылсын.
  2. «Федоров аудандық ауруханасы» КМК мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне Минск және Цабелев медициналық пункттерін бейімдеу ұсынылсын.
  3. Мемлекеттік органдар осы қаулының орындалуы жөніндегі ақпаратты аудандық мәслихатқа 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін берсін.
  4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Әлеуметтік даму және заңдылық

мәселелері жөніндегі тұрақты

комиссияның төрайымы                                                     Е. Запорожану

Дата публикации
02 декабря 2025