Аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Елена Александровна Запорожану тұрақты комиссияның отырысын ашады және жүргізеді.
Е.А. Запорожану
Қайырлы күн құрметті депутаттар мен шақырылғандар!
Бүгін аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілуде.
Комиссия жұмысына Федоров ауданы әкімінің орынбасарлары, ауданның мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отыр.
Күн тәртібінде екі мәселе:
Бірінші мәселе бойынша сөз «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рустем Дегенбаевич Баймурзинге беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/Р.Д. Баймурзиннің сөзі/
Е.А. Запорожану
Рустем Дегенбаевичке сұрақтарыңыз бар ма?
А.С. Резник
Ағымдағы жылы интерактивті қолжетімділік картасына енгізілген нысандар толық немесе ішінара бейімделген?
Р.Д. Баймурзин
Ішінара бейімделген деген ұғым енді жоқ, объектіні интерактивті қол жетімділік картасына енгізген кезде ол мүгедектігі бар адамдарға бейімделген деп қарастырылады.
С.Е. Харчистов
Аудан тұрғындарының арасында инватаксиге деген қажеттілік бар ма?
Р.Д. Баймурзин
Аудан бойынша инватакси қызметтеріне қажеттілік бар. Талдау нәтижелері бойынша Федоровка, Банновка, Кенерал және Новошумное ауылдарынан 7 адам қажеттілік білдірді. Мүгедек адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға сәйкес инватакси жұмысын жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырады. Инватакси қызметін көрсететін ұйымда тапсырыстарды қабылдау үшін мамандандырылған автокөлік және диспетчерлік қызмет болуы тиіс. Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметтері бойынша біздің аудан аумағында аталған ұйымдар тіркелмеген.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап инватакси қызметтерін көрсету әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылатын болады, яғни қызмет көрсетуші өзінің хабарландыруын порталда орналастырады және мұқтаж азаматтар оның қызметтерін пайдалана алады, бұл ауданда осындай ұйым болатынын ескере отырып.
Р.Г. Валеев
Рұқсат етіңіз, мен инватакси мәселесі бойынша қосамын. Біз бұл мәселені шешуге тырыстық, бірақ ереже ауылдық жерлерде қарастырылмаған, олар қала үшін қолайлы, өйткені ауылдық округтер арасында үлкен қашықтық бар және инватаксиді күту 15 минутты құрайды.
Біз бұл мәселені жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы деңгейінде бірнеше рет қозғадық, өкінішке орай, әзірлеушілер қажетті өзгерістер енгізуді жоспарламайды. Сондай-ақ, біздің такси жүргізушілері мүгедек адамдарды тасымалдау үшін өз көлігін түрлендіруге дайын емес. Мәселе өте үлкен, бірақ біз өз тарапымыздан жұмыс жүргізіп жатырмыз, осы ережелерді ауылдық жерлерге бейімдеуді немесе ауылдық жерлерде инватаксидің жұмыс істеуі үшін бөлек тараумен толықтыруды сұраймыз.
Е.А. Запорожану
Тағы сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.
Осы мәселені зерделеу барысында депутаттардың жұмыс тобы Федоровка ауылындағы 5 аралас тауарлар дүкенін, «Надежда» сауда үйін, 3 дәріхананы, «Заит» қонақ үйін аралап, шағын бизнес нысандарының мүгедектігі бар адамдарға бейімделуін тексерді.
Өкінішке орай, барлық нысандар толық бейімделмеген. Кей жерлерде пандустарға кіру мүмкін емес, есік өлшемдері сәйкес келмейді, тактильді плиткалар мен арнайы белгілер, тақтайшалар жоқ.
Мүгедектігі бар адамдарға арналған қолжетімді орта тек пандус салумен шектелмейді – бұл кешенді шараларды талап етеді. Мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін нысандарды толық жабдықтау қажет.
Кездесу қорытындысы бойынша бизнес иелеріне нысандарды бейімдеу бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексіне сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы бұзғаны үшін кәсіпкерлік субъектілеріне 120-дан 200 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.
Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждарына бейімдеу жөніндегі жұмыс туралы ақпаратты тыңдай отырып, әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия жергілікті атқарушы органдардың ауданның әлеуметтік маңызы бар объектілерінің қолжетімді ортасын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатқанын, сондай-ақ азаматтардың онлайн режимде объектінің бейімделу дәрежесі белгіленген қолжетімділіктің интерактивті картасын көруге мүмкіндігі бар екенін атап өтеді және оның сапасын бағалай алады.
Құрметті комиссия отырысына қатысушылар талқыланған мәселе бойынша біз қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:
- мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделудің сәйкестігі тұрғысынан ауданның әлеуметтік маңызы бар объектілеріне мониторинг жүргізсін;
- Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Федоров ауданындағы филиалымен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерімен бизнес объектілерінің мүгедек адамдардың қажеттіліктеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;
- «Қолжетімділіктің интерактивті картасы» ақпараттық порталында деректерді өзектендіру бойынша жұмыс жүргізсін.
Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданында мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктеріне әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жөніндегі жұмыс туралы» тұрақты комиссияның қаулысы комиссияның хаттамасына қоса беріледі.
Е.А. Запорожану
Екінші мәселе бойынша «Қоржынкөл ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жай-күйі және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның 2024 жылғы 15 тамыздағы № 36 қаулысын орындау туралы» сөз Қоржынкөл ауылдық округінің әкімі Анатолий Тохтарбаевич Уристимбаевқа беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/А.Т. Уристимбаевтың сөзі/
Е.А. Запорожану
Анатолий Тохтарбаевичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
Сөз аудандық мәслихаттың депутаты Зия Тілекбергенге беріледі (сөзі комиссияның хаттамасына қоса беріледі).
/Зия Тілекбергеннің сөзі/
Е.А. Запорожану
Тағы сөз сөйлейтін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті комиссия отырысына қатысушылар талқыланған мәселе бойынша біз қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:
Осы қаулы бойынша ескерпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Қоржынкөл ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жай-күйі және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның 2024 жылғы 15 тамыздағы № 36 қаулысын орындау туралы» тұрақты комиссияның қаулысы комиссияның хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті отырысқа қатысушылар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.
Жұмыс үшін барлықтарыңызға рахмет.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану