Төрағалық етті – А.С. Мырзахметова, ҚК мүшесі
Қатысқандар: Н.А. Аслиева, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, Б.А. Сапарова, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова
Шақырылғандар:
С.Ф. Завощенко – «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы
Б.Г. Курмангалиев – Федоров ауданы әкімдігінің «Водстрой» МКК басшысы
К.А. Муканов – «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ басшысы
Күн тәртібі:
- «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2025 жылы жобаларды іске асыру.
(ақпарат. С.Ф. Завощенко)
- Дипломмен – ауылға!
(ақпарат. С.Ф. Завощенко)
- Ауданның ауылдық округтерінде суға тарифтер туралы.
(ақпарат. Б.Г. Курмангалиев)
Тыңдалды: С.Ф. Завощенко – «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2025 жылы жобаларды іске асыру (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: Е.А. Запорожану, Б.А. Умертаев
Шешім қабылданды:
- «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.Ф. Завощенконың ««Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2025 жылы жобаларды іске асыру» ақпараты мәліметке алынсын.
- «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жобаларды іске асыруды жалғастыру ұсынылсын.
Тыңдалды: С,Ф. Завощенко – Дипломмен – ауылға (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: Б.А. Умертаев, Н.А. Аслиева, Е,А, Запорожану
Шешім қабылданды:
- «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.Ф. Завощенконың «Дипломмен – ауылға!» ақпараты мәліметке алынсын.
- «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ-не Федоров ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету жұмысын жалғастыру ұсынылсын.
Тыңдалды: Б.Г. Курмангалиев – Ауданның ауылдық округтерінде суға тарифтер туралы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: Б.А. Умертаев, А.С. Мырзахметова
Шешім қабылданды:
- Федоров ауданы әкімдігінің «Водстрой» МКК басшысы Б.Г. Курмангалиевтің «Ауданның ауылдық округтерінде суға тарифтер туралы» ақпараты мәліметке алынсын.
- «Федоров ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-не Федоров ауданы әкімдігінің «Водстрой» МКК есепке беру үшін сумен жабдықтау объектілерін қабылдау актілерін уақтылы ресімдеу ұсынылсын, осылайша олар субсидияларға Монополияға қарсы комитетке өтінім бере алады.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина