Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.
Б.Е. Исенгазин
Қайырлы күн!
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 8 депутат қатысып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері шақырылды.
Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.
Сессиясының күн тәртібіндегі мәселе:
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Осы күн тәртібін кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселе бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.
Мәселені қарастыруға көшеміз.
Сөз «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға беріледі (баяндамасы сессияның хаттамасына қоса беріледі).
/С.Ф. Завощенконың сөзі/
Б.Е. Исенгазин
Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.
Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 158 «Федоров ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессияның күн тәртібіндегі мәселе қаралды.
Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Сессия жабық деп жарияланады.
Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рақмет.
Федоров аудандық
мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин