2025 жылғы 12 қыркүйектегі №54 қаулы

Федоров ауданындағы жергілікті

өзін-өзі басқару органдарының қызметі туралы

Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Костряков ауылдық округінің әкімі Светлана Александровна Гончаруктың, Камышин ауылдық округінің әкімі Болан Жуматаевич Бексултановтың, Федоров ауылдық округі әкімінің орынбасары Светлана Васильевна Калиевскаяның «Федоров ауданындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі туралы» ақпараттары назарға алынсын.
  2. Ауылдық округтер мен Новошумный ауылының әкімдеріне ұсынылсын:

- округ тұрғындарымен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасалсын, жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылау үшін тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізсін;

- қаржылық тәртіптің сақталуын және жергілікті бюджеттің атқарылуының ашықтығын қамтамасыз етсін;

- жергілікті даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қолда бар ресурстарды тиімді басқарсын;

- ашықтықты арттыру мақсатында азаматтарды бұқаралық ақпарат құралдарында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүргізіліп жатқан жұмысы мен қызметі туралы хабардар етсін.

  1. Осы қаулыны орындау бойынша атқарылған жұмысы туралы есебі 2026 жылғы 1 сәуірге ұсынылсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

Бюджет, экономика, жергілікті

мемлекеттік басқару және өзін-өзі

басқару мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                           А. Байназаров

Дата публикации
30 октября 2025