Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы – Алексей Мерекеевич Байназаров төрағалық етеді.
Қайрлы күн құрметті депутаттар мен отырысқа қатысушылар!
Бүгін аудандық мәслихаттың бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өткізілуде.
Отырысқа шақырылғандар мен қатысқандар: аудан әкімінің орынбасары К.К. Муратова, ауданның мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары, ауылдық округтердің әкімдері, жергілікті қоғамдастықтардың, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.
Жергілікті өзін-өзі басқару ұлттық мемлекеттіліктің негізін құрайды. Жергілікті деңгейде әлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген міндеттері сәтті шешіліп, халықтың тұрақты өсуі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін нақты жағдайлар жасалуы мүмкін.
Сондықтан бүгінгі күн тәртібінде мынадай мәселе:
Федоров ауданындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі туралы.
А.М. Байназаров
Осы мәселе бойынша сөз Костряков ауылдық округінің әкімі Светлана Александровна Гончарукқа беріледі (сөзі комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі).
/С.А. Гончаруктың сөзі/
А.М. Байназаров
Светлана Александровнаға сұрақтарыңыз бар ма?
А.С. Резник
Жергілікті қоғамдастық жиындарында халық қандай мәселелермен жиі
айналысады? Олар бойынша қандай да бір жұмыс, талдау жүргізіліп жатыр ма?
С.А. Гончарук
Жиындарда тұрғындар кентішілік жолдардың жай-күйі, қаңғыбас иттер, интернет-алаяқтық сияқты мәселелермен айналысады. Барлық мәселелер тіркеледі, хаттамаланады, сондай-ақ талдау жүргізіледі және қажет болған жағдайда шешімдер қабылдау үшін тиісті органдарға жіберіледі.
А.М. Байназаров
Тағы сұрақтарыңыз болады ма? Жоқ.
А.М. Байназаров
Сөз Камышин ауылдық округінің әкімі Болан Жуматаевич Бексултановқа беріледі (сөзі комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі).
/Б.Ж. Бексултановтың сөзі/
А.М. Байназаров
Болан Жуматаевичке сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
А.М. Байназаров
Сөз Федоров ауылдық округі әкімінің орынбасары Светлана Васильевна Калиевскаяға беріледі (сөзі комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі).
/С.В. Калиевскаяның сөзі/
А.М. Байназаров
Светлана Васильевнаға сұрақтарыңыз бар ма? Жоқ.
А.М. Байназаров
Залда кейбір ауылдық округтердің жергілікті қауымдастықтарының өкілдері бар. Татьяна Марковна Волоткевичке сөз беріледі (сөзі комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі).
/Т.М. Волоткевичтің сөзі/
А.М. Байназаров
Осы мәселе бойынша сөз сөйлеуге рұқсат етіңіз.
/А.М. Байназаровтың сөзі/
А.М. Байназаров
Тағы сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
А.М. Байназаров
Құрметті комиссия отырысына қатысушылар, талқыланған мәселе бойынша қаулы қабылдауымыз керек, келесі жобаны ұсынамын:
Бюджет, экономика, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- округ тұрғындарымен тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасалсын, жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылау үшін тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізсін;
- қаржылық тәртіптің сақталуын және жергілікті бюджеттің атқарылуының ашықтығын қамтамасыз етсін;
- жергілікті даму мақсаттарына қол жеткізу үшін қолда бар ресурстарды тиімді басқарсын;
- ашықтықты арттыру мақсатында азаматтарды бұқаралық ақпарат құралдарында жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жүргізіліп жатқан жұмысы мен қызметі туралы хабардар етсін.
А.М. Байназаров
Осы қаулы бойынша, ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бар ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Жақтап? Қарсы? Қалыс қалған? Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі туралы» қаулы комиссияның хаттамасына қоса беріледі.
А.М. Байназаров
Құрметті отырысқа қатысушылар осымен комиссия өз жұмысын аяқтайды.
Жұмыс үшін барлықтарыңызға рахмет.
Бюджет, экономика, жергілікті
мемлекеттік басқару және өзін-өзі
басқару мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы А. Байназаров