Федоров аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясы отырысының 2025 жылғы 14 қазандағы хаттамасы

Сессияны Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Берик Ескендирович Исенгазин ашады және жүргізеді.

Б.Е. Исенгазин

Қайырлы күн!

Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 8 депутат қатысып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.

Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.

Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.

Күн тәртібінде 2 мәселе:

  1. Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 21 ««Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім осы күн тәртібін жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.

Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.

«Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» бірінші мәселе бойынша «Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Светлана Франковна Завощенкоға сөз беріледі (баяндамасы сессия хаттамасына қоса беріледі).

/С.Ф. Завощенконың сөзі/

Б.Е. Исенгазин

Светлана Франковнаға сұрақтарыңыз бола ма? Жоқ.

Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 154 «Федоров ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Күн тәртібінің келесі мәселесі – «Мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 21 ««Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

«Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 28 шiлдедегi № 121 бұйрығы негізінде Бағалау әдістемесін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруіміз қажет.

Шешім жобасы қолдарыңызда бар.

Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма! Жоқ.

Дауыс беруіңізді сұраймын.

Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды? Бірауыздан қабылданды.

«Мәслихаттың 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 21 ««Федоров аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім сессияның хаттамасына қоса беріледі.

Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.

Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.

Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.

Сессия жабық деп жарияланады.

Жұмыстарыңыз үшін рахмет.

Федоров аудандық

мәслихатының төрағасы                                                              Б. Исенгазин

Дата публикации
24 октября 2025