Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының
хаттамасы
Федоровка а. 2025 жылғы 29 қыркүйек
Төрағалық етті – С.А.Баймурзина
Қатысқандар: Н.А. Аслиева, А.А. Ворожеев, Е.А. Запорожану, А.С. Мырзахметова, Қ.С. Сейткереева, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова
Шақырылғандар:
Баймурзин Рустем Дегенбаевич – «Федоров ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы;
Салпенова Айнур Толепбергеновна – «Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы;
Сынча Анатолий Владимирович – аудандық аурухананың заңгері;
Ружицкая Людмила Александровна – Федоров ауданының гендерлік қолдау орталығының басшысы.
Күн тәртібі:
(ақпарат. Л.А. Ружицкая)
(ақпарат. Р.Д. Баймурзин)
Тыңдалды: Л.А. Ружицкая – Федоров ауданының гендерлік қолдау орталығының қызметі туралы (ақпарат қоса беріледі).
Сөз сөйлеген: Е.А. Запорожану, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова, С.А. Баймурзина
Шешім қабылданды:
- тренингтер өткізу;
- жеке кеңес беру;
- есірткінің зияны туралы хабарлау, нақты оқиғалар айту және денсаулық пен өмірді сақтауға көмектесетін кеңестер беру;
- жас отбасыларға салауатты отбасылық қарым-қатынас орнату бойынша практикалық кеңестер беру.
Тыңдалды: Р.Д. Баймурзин – Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік объектілерді бейімдеу жөніндегі бағдарламаны орындау туралы (ақпарат қоса беріледі).
«Федоров ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы А.Т. Салпенова тыңдалды, өйткені қазіргі уақытта 4 мәдениет объектісі бейімделмеген;
аудандық аурухананың заңгері А.В. Сынча тыңдалды – 4 ФАП бейімделмеген.
Сөз сөйлеген: С.А. Баймурзина, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова, А.А. Ворожеев
Шешім қабылданды:
Отырыс соңында Қоғамдық кеңестің 2025 жылдың 9 айы ішіндегі жұмысының қорытындылары тыңдалды:
Қоғамдық кеңес отырыстары – 9, 19 мәселе қаралды.
Мониторингтер – 11 («Таза Қазақстан» акциясына қатысу; мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша; ғимараттарды бейімдеу бойынша; жолдарды, мектептерді жөндеу бойынша).
Қоғамдық тыңдаулар – 6.
Өтініштер – 8, оның 6-ы оң шешімін тапты.
15 НҚА қаралды, барлығы ескертулерсіз және уақтылы қаралды.
Федоров ауданы
Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина