Сессияны Федоров аудандық мәслихаты төрағасының өкілеттіктерін уақытша жүзеге асырушы Елена Александровна Запорожану ашады және жүргізеді.
Е.А. Запорожану
Қайырлы күн!
Бүгін аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының отырысы өткізілуде. Отырысқа 8 депутат қатысып отыр, кезектен тыс сессияның жұмысы үшін қажетті кворум бар, сессия өз жұмысын бастауға құқылы.
Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Құрметті депутаттар, кезектен тыс сессияның күн тәртібін бекітуіміз қажет. Күн тәртібінің жобасы Сіздерге алдын ала берілген болатын.
Күн тәртібінде мыналдай мәселелер:
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Осы күн тәртібін кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымы кезектен тыс сессиясының күн тәртібі туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Е.А. Запорожану
Регламент бойынша: қарастырылып отырған мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай уақыт беруді ұсынамын.
Бірінші мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 94 «Федоров аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Федоров аудандық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау қажет:
Гульжан Жумагалиевна Жанатованы және Юлия Владимировна Мышконы.
Құрметті депутаттар, осы шешім жобасы бойынша ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 94 «Федоров аудандық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Күн тәртібінің келесі мәселесі – Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау қажет:
№ 1 округтік сайлау комиссиясы бойынша
Бейсенгуль Муратовна Сактапбергенованы;
Людмила Ивановна Чернешукті.
Жоба бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Келесі мәселе – Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлау қажет:
№ 828 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Надежда Владимировна Жукты.
№ 843 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша
Жанель Уали кызы Муканованы.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы бойынша ұсыныстарыңыз, ескертпелеріңіз бола ма? Жоқ.
Егер болмаса, дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Күн тәртібінің келесі мәселесі – Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар, ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Күн тәртібінің бесінші мәселесі – Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар, ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Кім қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Соңғы мәселе – Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамын бекіту туралы.
Құрметті депутаттар, шешім жобасы қолдарыңызда бар, ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Дауыс беруіңізді сұраймын.
Кім жақтайды? Кім қарсы? Қалыс қалды?
Бірауыздан қабылданды.
«Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің құрамын бекіту туралы» шешім сессия хаттамасына қоса беріледі.
Құрметті депутаттар! Кезектен тыс сессияның күн тәртібіндегі мәселелер қаралды.
Сессияны жүргізуде ескертпелеріңіз, ұсыныстарыңыз бола ма? Жоқ.
Өтінішпен немесе хабарламамен сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ.
Сессия жабық деп жарияланады.
Жұмыстарыңыз үшін барлықтарыңызға рақмет.
Федоров аудандық мәслихаты
төрағасының өкілеттіктерін
уақытша жүзеге асырушы Е. Запорожану