Баннов ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жай-күйі және
оның одан әрі даму перспективалары туралы
Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- ауылдық округ салықтарын жинаудың толықтығын, бюджетті сапалы жоспарлау мен орындауды қамтамасыз етсін;
- ауылдық округ тұрғындарын мал шаруашылығын дамытуға, шағын бизнесті қолдауға, нәтижелі жұмыспен қамтуға, округке инвестициялық жобаларды тартуға және т. б. бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту бойынша жұмыс жүргізсін;
- азаматтардың жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысуын қолдау, жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп, округте туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауда ұстау және шешу жолдары табылсын;
- Банновка ауылындағы көпфункционалды спорт алаңының жабынын ауыстыру мәселесін қарастырсын;
- ауылдық округтің елді мекендерін абаттандыру жұмыстарын жалғастырсын.
Әлеуметтік даму және заңдылық
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссияның төрайымы Е. Запорожану